КГУ "Школа-гимназия
№44
имени Динмухамеда Кунаева"

    

Меню

«БІЛІМДІГЕ ДҮНИЕ ЖАРЫҚ» атты 1-сынып ата-аналары жиналыс

Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ құндылығы қаңтар айында ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында «БІЛІМДІГЕ ДҮНИЕ ЖАРЫҚ» атты 1-сынып ата-аналарына педагог-психолог Гүлмира Мырзатайқызының өткізуімен шығармашылықты дамыту кеші өтті.

Мақсаты: мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін балалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. ата-аналарды отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы орта құруға ынталандыру;
2. баланың мектепке бейімделуінің мәні мен ерекшеліктерімен таныстыру;
3. бастауыш сынып оқушыларының танымдық дағдыларының ерекшеліктерімен таныстыру;
4. баланың танымдық дағдыларын дамыту үшін диагностиканы, тренингтерді, жаттығуларды практикада қолдану дағдыларын дамыту.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
Ынтымақтастық, ата-ана борышы, құрмет, жаңалық, білмекке құмарлық, креативтілік, прагматизм, эвристикалық, еркіндік.

Жоспар
I. Сәлемдесу. Сабақтың мақсаты мен міндеттері.
II. Негізгі бөлігі.
1. Баланың жеке басын дамыту үшін мектепке бейімделуінің маңыздылығы (физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік).
a) Бейімделу түрлері.
b) Ата-аналардың сабаққа бейімделу деңгейін диагностикалау.
c) Балаларды диагностикалау бойынша ұсыныстар.
2. Баланың когнитивтік дағдыларын дамытудағы ата-ананың рөлі.
a) Ата-аналардың когнитивтік (танымдық) қабілеттерінің даму деңгейін диагностикалау.
b) Бастауыш сынып оқушыларындағы когнитивтік дағдылардың ерекшеліктері.
c) Баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын және қарым-қатынас жасауын дамытуға арналған тренингтер бойынша ұсыныс.
3. Проблемалық ахуал «Үй тапсырмасын орындау».
a) бейнероликті қарау;
b) сұрақтарды топтарда талқылау;
c) аудиторияда талқылау және чек-парағын әзірлеу.
III. Қорытынды. Қорытындылау, рефлексия.
Күтілетін нәтижелер
Соңында ата-ана мыналарды жасай алатын болады:
1. Отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы ортаны құруды;
2. Оның тұлғасын дамыту үшін баланың мектепке бейімделуі кезінде өзінің рөлін сезінуді;
3. Бастауыш сынып оқушыларының когнитивтік дағдыларының ерекшеліктерін ажырата білуді;
4. Балада танымдық дағдыларды дамыту үшін диагностиканы, тренингтерді, жаттығуларды іс жүзінде пайдалану дағдыларын меңгеретін болады.

Бүгінгі құндылық сағатына қатысқан ата-аналар бейімделу кезінде болатын қиындықтармен танысып, оны шешу жолдарын,міндеттері мен күтілетін нәтижелерді анықтады. Ата- аналар өз пікірлерімен бөлісіп, құндылық сағатынан жақсы әсермен шықты, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

1 «б» сынып ата-аналар жиналысында

1 «в» сынып ата-аналар жиналысында

 1 «д» сынып ата-аналар жиналысында

 1 «з» сынып ата-аналар жиналысында

 

 

 

 

 

1 «б» сынып ата-аналар жиналысында

Государственные символы

Блог директора

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Рады приветствовать вас
в моем блоге!

Перейти в блог

Администрация

Зулкашева Шынар Мулкаевна

12-03-2019 Hits:114490 Администрация Super User

Зулкашева Шынар Мулкаевна
Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:112874 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы

12-03-2019 Hits:113810 Администрация Super User

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы
директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Өмірзақ Гүлнұр Жанатқызы

12-03-2019 Hits:22336 Администрация editors

Өмірзақ Гүлнұр Жанатқызы 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Закиева Гулдана Умирзаковна

15-03-2021 Hits:102742 Администрация editors

Закиева Гулдана Умирзаковна
Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары

Read more

Баян Айболат Ерболатұлы

27-09-2023 Hits:115363 Администрация Super User

Баян Айболат Ерболатұлы
мектеп психологы

Read more

Сәрсенова Г.С.

29-09-2023 Hits:22778 Администрация editors

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы
мектеп психологы

Read more

Шиганбаев Ерекен Умирзакович

29-09-2023 Hits:22483 Администрация editors

Шиганбаев Ерекен Умирзакович
Тәлімгер

 

Read more

Байдашева Нургул Болатовна

29-09-2023 Hits:22802 Администрация editors

Байдашева Нургул Болатовна
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Апакаева Венера Турегелдиевна

02-10-2023 Hits:22523 Администрация editors

Апакаева Венера Турегелдиевна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Токсанова Гулмира Мурзатаевна

02-10-2023 Hits:22620 Администрация editors

Токсанова Гулмира Мурзатаевна
педагог- психолог

Read more

Школьная форма

Разработчик Torus.kz