Жалпыға бірдей білім беру айлығының қорытындысы.
«Мектепке жол» акциясының қорытындысы туралы
Анықтама
Қалалық білім беру басқармасының 26.07.2021ж. №2-16/3203 бұйрығына сәйкес 2021-2022 оқу жылы ішінде «Мектепке жол» акциясын өткізу бойынша Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында іс-шаралар жоспары құрылды. Акция «Жүректен» ұранымен өтуде.
Мақсаты: әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына көмек көрсету,әлеуметтік жағдайын анықтау арқылы сол балалардың мектепке дайындығын бақылау және материалдық,қаржылай көмек көрсету.
Мектеп әкімшілігі акцияға белсене қатысу туралы хабарландыру беріліп,қала тұрғындарын акцияға белсене қатысуға шақыру жүргізілуде. Мектебімізде акция бойынша баннер,плакат,стендтер жасақталды, әлеуметтік желілерге хабарландырулар берілді.
2021-2022 оқу жылын ұйымдастыруда көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында және тұрақты негізде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бойынша жалпыға бірдей білім беру қорынан 828977,81 теңге бөлініп, 41 оқушыға соның ішінде(Атаулы әлеуметтік көмек алатын 21 оқушы, аз қамтылған 18 оқушы, өзге санаттағы 2 оқушыға) мектеп формасы, спорттық аяқ киім, кеңсе тауарларымен көмек көрсетілді.Сонымен қатар демеуші есебінен 25 оқушыға мектеп формасы, аяқ киім, кеңсе тауарларымен көмек көрсетілді. Бұл акция жыл бойы жүргізілетіндіктен алдағы уақытта да көмек көрсетілетін болады. Жаз мезгілінде Бурабай қаласына мектепте де қалалық, облыстық байқауларда орын алып белсенділік көрсетіп жүрген аз қамтылған,көп балалы отбасыдан шыққан 3 оқушы Бурабай жазғы лагеріне жіберілді.Аз қамтылған, көп балалы отбасыдан шыққан 9 оқушы қаламыздағы «Атамекен» жазғы сауықтыру лагеріне барып демалып келді.Әлеуметтік көмекті қажет ететін барлық оқушыға ағымдағы оқу жылында демеушілік көмек есебінен мектепке дайындалуда қолдау көрсетілетін болады.
ДТІЖО: Э.Н.Мырзашева
Әлеуметтік педагог : Б.Т.Айтжан
Жалпыға бірдей білім беру айлығының қорытындысы.
«Мектепке жол» акциясының қорытындысы туралы
Анықтама
ҚР БжҒМ-нің 5.07.2019ж. №4189 хаты негізінде, БҚО білім басқармасының 05.07.2019ж. №447 бұйрығына сәйкес 2020-2021 оқу жылы ішінде «Мектепке жол» акциясын өткізу бойынша Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында іс-шаралар жоспары құрылды. Акция «Жүректен» ұранымен өтуде.
Мақсаты: әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына көмек көрсету,әлеуметтік жағдайын анықтау арқылы сол балалардың мектепке дайындығын бақылау және материалдық,қаржылай көмек көрсету.
Мектеп әкімшілігі акцияға белсене қатысу туралы хабарландыру беріліп,қала тұрғындарын акцияға белсене қатысуға шақыру жүргізілуде. Мектебімізде акция бойынша баннер,плакат,стендтер жасақталды, әлеуметтік желілерге хабарландырулар берілді.
Акция шеңберінде бюджет есебінен 1203680теңге қаражат көлемінде 79 оқушыға көмек көрсетілді, атап айтсақ атаулы әлеуметтік көмек алатын 23 отбасы балаларына және де 54 аз қамтылған оқушыға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыға мекетп ормасы, спорт тауарлары, кеңсе таарлары берілді. Қамқоршылық кеңес шешімімен демуші есебінен 142798 теңгеге аз қамтылған, көп балалы 43 оқушыға киім-кешек, аяқ киім әперіліп, кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілді. Әлеуметтік көмекті қажет ететін барлық оқушыға ағымдағы оқу жылында демеушілік көмек есебінен мектепке дайындалуда қолдау көрсетілетін болады.
ДТІЖО: Э.Н.Мырзашева
Әлеуметтік педагог : Б.Т.Айтжан