ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫН ҚҰРУ НЕГІЗДЕМЕСІ
Оқушылар арасында қазіргі таңда зерттеу іс-әрекетіне қызығушылықтың артып келе жатқаны байқалады. Бұған оқушылардың ғылыми қоғамы әсер етті.
Мектептік ғылыми қоғамның мақсаты оқушылардың қызығушылығымен сай келді. Бұл:
- оқушылар тарапынан шығармашылық есептерді стандартты емес, өзіндік амалмен шешуді анықтау;
- оқушыларды зерттеу іс-әрекетіне жұмылдыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- шығармашылық ізденісі және зерттеу жұмыстарын орындау үрдісі кезінде оқушылардың аналитикалық және сын тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру;
- кәсіптік бағдарлауда көмек көрсету;
- оқушылардың іс-әрекет барысында мақсат қоя білуді және жүйелікті дамыту;
- қойылған мақсатқа жету арқылы және қол жеткен нәтижелердің басылуына орай оқушылардың өз орындарын таба білуі.
Мектептік ғылыми қоғамның іс-әрекеті таңдалған бағыттарға сәйкес тізіледі. Осы үрдісті компонентті уақытылы басқару оқушылардың зерттеу іс-әрекетін тиімді ұйымдастырудағы маңызды жағдай болып табылады. Мектептегі мұндай басқару пәндердің әдістемелік бірлестіктерімен (ӘБ) және ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша директор орынбасарының басшылығымен мектептік ғылыми-әдістемелік кеңесі жүзеге асырады.
Отырыс кезінде мектептік ғылыми-әдістемелік кеңес мектептегі оқушылардың оқытылу іс-әрекетінің ағымдық жағдайына баға береді, мектептегі оқушылардың зерттеу жұмысын жалпылау туралы шешім қабылдайды, және оқушылардың орындаған зерттеу жұмыстарын жалпылау мен олардың нәтижелерін оқу-тәрбие үрдісінде қоолдану туралы шешім қабылдайды.
Ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша мектеп директордың орынбасары:
- мектептегі зерттеу іс-әрекетінің жалпы басшылығын жүзеге асырады;
- оқушылардың зерттеу іс-әрекетін жетілдіру мен дамыту; оқу-тәрбие үрдісіндегі зерттеу жұмыстарының нәтижесін пайдалану бойынша мектептегі пәндік әдістемелік бірлестігі мен ғылыми-әдістемелік кеңестің ұсыныстарын талқылауды ұйымдастырады;
- жетекшілікке үміткерді, оқушылардың зерттеу жұмыстарының орындаушыларын, жұмыс бағдарламаларды және зерттеу іс-әрекеті бойынша есеп берулерді қарастыру мен бекітуді ұйымдастырады;
- әдістемелік бірлестіктің жетекшілерімен және оқушылардың зерттеу жұмыстарының жетекшілерімен әдістемелік жұмыс өткізеді (оқушылардың ғылыми қоғамына материалдық-техникалық көмек ұйымдастырады).
Пәндік әдістемелік бірлестіктер өз отырыстарында оқушылардың зерттеу жұмыстарының орындаушылары мен жетекшілерін тағайындайды, олардыңғ тақырыптарын бекітеді. Оқушылардың ғылыми жұмыстарының жетекшілігін мектептің аса білікті ұстаздары жүзеге асырады, сонымен бірге оқушылардың зерттеу жұмыстарының жетекшілігіне сырттан келген мамандар мен ғылыми қызметкерлер жұмылдырылады. Оқушының зерттеу жұмысының жетекшілік міндетіне келесі жатады: қарастырылып жатқан мәселенің кез келген сұрағының меңгерілу деңгейін сараптау негізінде зерттелетін жұмыстың болжам тақырыптарының тізімін құрастыру; зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауда оқушыларға көмек көрсету; зерттеу жұмысының жұмыс бағдарламасын құрасыру; ағымдық жетекшілік, әдістемелік, ұйымдастырушылық-техникалық көмек; оқушыларға үнемі кеңес беру; зерттеужұмысының негізгі кезеңдерінің орындалуын бақылау; көрнекілік әдістемені құрғанда, оқушының зерттеу жұмысы туралы есеп беруді құрастыруда әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық көмек; оқу –тәрбие үрдісінде оқушының зерттеу жұмысының нәтижесін қолдану бойынша нұсқалықтарды әзірлеу; шығармашылық жұмыстар сайысына, олимпиадаларға және ғылыми конференцияларға қатысудағы дайындыққа зерттеу жұмысының орындаушыларына көмек көрсету; келешекте зерттеу жұмысының нәтижесін жариялауға көмек көрсету.
Оқушылардың зерттеу жұмысы кезеңмен ұйымдастырылады. Келесі іс-әрекеттің кезеңдерін аранайы белгілеу:
I-даярлық (5-7- сыныптар);
II-дамытушылық (8-9- сыныптар);
III-өзіндік зерттеушілік (10-11- сыныптар).
Бірінші, даярлық кезеңі балаларды оқулықтармен және сөздіктермен жұмыс жасауды, жылдам оқуды, еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруды үйретуін қалыптастыруды көздейді. Осы кезеңде оқушы тарапынан оқу іс-әрекетіне белсене қатысуы басталады, сонымен қатар шығармашылық қабілеті бар оқушылар анықталып және туған өлкені қызыға танушылық әрекеті қалыптасады.
Екінші, дамытушылық кезең оқушылардың ғылыми жұмысты ұйымдастыру қабілетінің жетілуін қарастырады, олардың көзқарасын белсенді кеңейтуге бағытталған. Осы кезеңдегі қызығушылықтың артуын мектептегі сыныптан тыс бірлестіктердің дамуы маңызды рөл атқарады. Балалардың зерттеушілік қабілетінің қалыптасуына арнайы курстар әсерін тигізеді.
8-9 сыныптың оқушылары қалаудары бойынша оқушылардың ғылыми қоғамына кіреді, онда олар жоғары буын оқушыларымен ғылыми-зерттеу іс-әрекет түсінуге тырысады.
10өзіндік зерттеу кезеңі оқушылардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің тікелей кезеңі болып табылады, оның барысында жалпы мекетптік тақырыптар қалай әзірленсе дәл солай балалардың жеке жобалары да әзірленеді. Оқушылардың зерттеу іс-әрекеті мектепте үнемі болашағы бар болуы үшін осы жұмыстың сабақтастығы қамтылуы қажет. Осы мақсатпен жоғары сыныптың оқушылары кіші буын, орта буын оқушылары арасында тілдесулер, сынып сағаттар, әлеуметтік зерттеулер жүргізе алады.
Сабақтастықтың іске асырудағы маңызды рөлі оқушы ғылыми қоғамының есеп беру отырысында жүзеге асады, онда театралды көрінісі ретінде түлектер «келесі ұрпаққа» зерттеу жұмысының «эстафетаның тапсырылуы» өтеді. Мектептік ғылыми қоғамның іс-әрекетін ұйымдастырар кезде оқушының зерттеу жұмысының сәтті факторы туралы есте сақтаған дұрыс. Оларға жататыны:
- осы жұмыс түрімен оқушылардың өз еркімен білу принципін сақтау;
- оқушы тарапынан тақырыптың таңдалуы;
- зерттеу жұмысын өткізу барысында оқушы тарапынан максималды түрде өздігінен жасалатын жұмысының байқалуы;
- оқушының зерттеу жұмысы барысында ұстаздың қызығушылық және компоненті қызығушылығы;
- оқушылардың, ұстаздардың және ата-аналардың зерттеу жұмысын аса бағалау, оқушы тарапынан орындайтын жұмысының маңыздылығын түсінуі.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫ
Оқушылардың ғылыми қоғамы – ғылымның, техниканың, мәдениеттің түрлі саласындағы жетістікті аса терең білуге, шығармашылық тұрғыдан ойлауды, зияткерлік бастамасын, өз алдын болуды, өз іс-әрекетіне аналитикалық көзқарасты болуды дамыту, зерттеу жұмысын пайдалану мен қолдануды тырысатын мектеп оқушыларының өз еркімен жасалатын бірлестігі. Ғылыми қоғамның іс-әрекеті осы Қаулы негізінде жүзеге асады.
1. Оқушылардың ғылыми қоғамының өз атауы, эмблемасы, ұраны бар.
2. Оқушылардың ғылыми қоғамының міндеті:
- ғылыми білімнің кеңінен танылуына көжәрдемдесу;
- мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеті мен таным белсенділігін дамыту;
- мектеп оқушыларды ғылыми ізденістегі әдіспен және амалмен таныстыру;
- ғылыми әдебиетпен жұмыс жасауды, іріктеуді, сараптауды, ақпаратты жүйелеуді үйрету; зерттеу барысындағы мәселелерді анықтап және тұжырымдау; ғылыми жұмысты сауатты ресімдеу;
- оқушылардың кәсіби тұрғыдан өздігінен таңдау жасауға жәрдемдесу.
3. Оқушылардың ғылыми қоғамының нысаны мен мазмұндылығы:
- бағдарламаларды құрастыру, зерттеу тақырыптары мен жобаның әзірлемесі;
- мекеме мен ұйымның тапсырысын орындау;
- қызықтыратын мәселелерді зерделеуге ғылыми қоғамны қатысушыларының жеке сұранысын қанағаттандыру;
- олимпиадаларға, байқауларға, турнирлерге, көрмелерге қатысу;
- семинарларды, сөз таластарды, ғылыми-тәжірибелікконференцияларды өткізу;
- дәрістерді, баяндамаларды, хаттарды, сығармашылық есеп берулерді оқу;
- ғалымдармен кездесу;
- мектептің орта буынды оқушылары үшін қызығушылық бойынша топтастыру;
- ғылыми қоғамының мектептік және студенттік секцияларының бірлесіп өтетін отырыстар;
- шығармашылық жұмыстарды даярлау және оларды жинақа жариялау.
4. Оқушылардың ғылыми қоғамы жұмысының құрылымы мен ұйымдастырылуы түрлі білім саласы бойынша секцияларға біріккен, оқушылардан құрылған шығармашылық топты өзіне қамтыған.
Ғылыми қоғамның жоғары ұйымы ретінде есеп беру кезеңінде қорытындылау үшін жылына бір рет өткізілетін қоғамның барлық мүшелерінің жиналысы, жаңа оқу жылына міндеттерді анықтау, жоспарды бекіту, қоғамның Кеңесін сайлау, ғылыми қоғамның іс-әрекетін анықтайтын құжаттар мен шешімді қабылдау болып табылады.
Кеңес өз құрамынан ғылыми қоғамның төрайымы мен хатсыны сайлайды. Кеңес, ұйымдастырушылық сұрақтарда, оқу жиындарды, конференцияларды, көрмелерді, жиналыстарды өткізу бойынша жұмыстарда ғылыми жетекшілер мен кеңесшілерге көмек көрсетеді, жоғары оқу орындарының студенттер қоғамымен бірлесіп жұмыс жасайды. Оқушылар кеңесі мектептің ғылыми-әдістемелік кеңесінің жетекшілігімен жұмыс жасайды. Ғылыми қоғамы мүшелерінің сабақтары қажеттілік бойынша ғылыми жетекшілер мен кеңесшілердің жетекшілігімен ұжымдық немесе жеке түрде өткізіледі, бір-ақ айына берден кем болмауы тиіс.
5. Ғылыми қоғамның қатысушылары
Ғылыми қоғамның мүшелері ретінде, бір-екі қоғамдық секция жұмысына белсенді қатысқысы келген 5-11 сыныптың оқушылары болып табылады.
Оқушыларға арналған зерттеу жұмысының қатысушылары құқылы:
- өз қызығушылығына сай тақырыпты таңдауға;
- зерттеу жұмысын орындау үшін білім беру мекеменің ақпараттық-анықтама мен материалдық-техникалық базасын қолдануға;
- оқушыларға арналған зерттеу жұмысының ғылыми жетекшілер мен кеңесшілері тарапынан әдістемелік және ұйымдастырушылық көмекті жиі алуға;
- авторлық құқыққа сәйкес өзінің зерттеу іс-әрекетінің жетістігімен дербес қолдануға;
- пәнге сәйкес сынақ бағаны алу үшін оқушыларға арналған зерттеу жұмысының нәтижесін ұсынуға, сонымен бірге түлектер сыныптарындағы қорытынды аттестаттау кезінде зерттеу жұмысын қорғауға ұсыну.
Ғылыми қоғамның мүшелері сайлаға және оқушылар кеңесімен сайлануға құқылы; оқушылар кеңесі мен ғылыми жетекші тарапынан өзінің шығармашылық жұмысы туралы пікір алуға құқылы.
Оқушыларға арналған зерттеу жұмысының орындаушы міндетіне келесі жатады:
- білім беру мекемелерінде бекітілген талаптарға сәйкес зерттеу жұмысын орындау;
- зерттеудің жұмыс бағдарламасына сәйкес жұмыс кестесін ұстану;
- білім беру бөлімінің ақпараттық-анықтама материалы мен материалдық ресурстарды қастерлеп және сақтау (кітапхананың, мұрағаттың, мұражайдың және т.б.).
Жоғары сыныптың оқушылары белсенділіктері үшін дипломдармен, мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталады.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ
Зерттеу іс-әрекетін бастау алдында, оқушылар зерттеу іс-әрекетінің циклогараммасымен және нормативті құжаттармен танусуы шарт. Зерттеу іс-әрекетінің циклогараммасы өзіне келесі жұмысты қамтиды:
- қыркүйек- оқушылардың ғылыми қоғамын құру; ағымды оқу жылына жұмысты жосапрлау мен міндет қою; ғылыми қоғамның пәндік секцияларды қалыптастыру; оқушыларға арналған зерттеу жұмысының талаптарымен таныстыру және зерттеу тақырыптарын таңдау; белгілі оқуғыға жұмыстың жетекшісін бекіту; теориялық сабақтар; жеке кеңес берулер;
- қазан-мәселе бойынша мәлетем жинау мақсатында ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау; оқушылардың ғылыми қоғамына кіргендерді қарсы алу, ғылыми қоғамның Кеңесін құру; теориялық сабақтар; жеке кеңес берулер;
- қараша-зерттеу тақырыбы бойынша мәлімет жинау; теориялық және тәжірибелік сабақтар; жеке кеңес берулер; ғылыми қоғам Кеңесінің отырысы;
- желтоқсан-мәселе бойынша мәліметті жинау мен жүйелендіру; теориялық және тәжірибелік сабақтар; жеке кеңес берулер; ғылыми қоғам Кеңесінің отырысы; таңдалған тақырыпты қорғау бойынша конференция өткізу; жеке кеңес берулер;
-қаңтар- мәселе бойынша мәліметті жинау мен жүйелендіру; ғылыми қоғам Кеңесінің отырысы; тәжірибелік сабақтар; жеке кеңес берулер;
- ақпан-мәселе бойынша мәліметті жүйелендіру; жұмыстың ресімдеуін бастау; жеке кеңес берулер; ғылыми қоғам Кеңесінің отырысы;
- наурыз –жұмыстың ресімдеуін аяқтау; зерттеу жұмыстарын рецензиялау; ғылыми қоғам Кеңесінің отырысы; оқушылардың мектептік және аудандық ғылыми қоғамдық конференциясына қатысу; жеке кеңес берулер;
-сәуір – оқушылардың зерттеу жұмыстарының тезисы бар мектептік брошюраларын шығару және ресімдеу; ғылыми қоғам Кеңесінің отырысы; жеңімпаздарды марапаттау;
- мамыр-ғылыми қоғамның жалпы жиналысы; жоғары сынып буындарынан кіші сынып буындарына эстафетаны тапсыру; болашаққа жоспар құру.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мектептік ғылыми қоғамның жұмысы оқу жылы басында 5-10 сыныптар арасындағы сынып сағат өткізу арқылы оқушылардың ғылыми қоғамының жұмыс жасау негізгі принципімен және тарихымен таныстырудан басталады (оқушылардың ғылыми қоғамының мақсаты мен міндеті).
Ғылыми қоғамның сабақтарына қызығушылық білдірткен балалар арқылы бекітілген жалпы оқушылар жиналысында ғылыми қоғамның пәндік секциялары қалыптасады. Осы жиналыста ағымды жылдың жұмыс жоспары құрылады және бекітіледі. Оқушыларға арналған зерттеу жұмыстарын құру барысы көбінесе бір оқу жылымен шектелмейді, бір-ақ та оқушылар түрлі жағдайға байланысты мысалы, таңдаған тақырыптың күрделілігі, қажет мәліметтің жоқтығы, статистикалық зерделеудің көптігі негізінде зерттеу жұмыстарын бірнеше жылдар бойы жүргізе алады. Зерттеу жұмысының ең маңызды және жауапты кезеңдерінің бірі әр оқушы тарапынан зерттеу тақырыбын таңдау болып табылады.
Оқушыларға арналған зерттеу техникалырын анықтау барысында келесі критерийлерді білу:
1) тақырыптың қажеттілігі, зерделеуінің жетіспеушілігі және тәжірибелікте маңыздылығы;
2) зерттеуші-оқушының қызығушылығымен сәйкестік;
3) нақты орындаушылығын;
4) таңдалған ғылыммен зерделетін жалпы үрдіс заңдылығын терең түсіну мүмкіндігі;
5) түрлі ақпарат көзімен қамтылу;
6) тақырыпты ғылыми және әдеби көзқараспен қалыптастыру сауаттылығы (тақырыпты қарастырудағы нақты шеңберді көрсетумен).
Тақырыптағы қысқартылған және қажеті жоқ сөздерді қолданбау керек, ғылыми көзқарасымен қарағанда дауға әкеп соғатын терминдер мен тұжырымдарды қолданбаған жөн. Зерттеу іс-әрекетінің бірінші кезеңінде оқушылар зерттеу жұмысының Қаулысы мен оған қатысты деген негізгі талаптармен таныстырылады. Мектеп оқушылары зерттеу жұмысының рефераттан айырмашылығын көру керек, және де зерттеу жұмысы нәтижесі н алдын ала білмейтін шығармашылық амалдарды шешумен байланысты екендігін түсіну керек.
Оқушының жұмыс барысында қолданатын тақырып атауын тұжырымдағаннан кейін (өзінің зерттеу жұмысын аяқтап болғаннан кейін нақты тақырып атауын анықтауға болады) – зерделеу жұмысының орындаушысы зерттеу жұмысының жұмыс бағдарламасын құруға ауысады. Осы кезеңде мәселенің жағдайы нақтыланады, зерттеу жұмысының мақсаты (жұмыс тақырыбынан оңай анық болады) және қажет деңгейі, оның міндеті, әдісі мен кезеңі анықталады, сонымен бірге зерттеудің нәтижесі болжамдалады.
Тақырыптың зерделеу жағдайын анықтау, зерттеу мақсатын нақтылау, үйлесімді жұмыс әдісін таңдау үшін оқушылар тарапынан таңдалған тақырыптың мәселесі бойынша әдебиетпен нақтырақ танысу қажет. Жұмыс жетекшісінде тақырып бойынша қажетті ақпаратты алғаннан кейін оқушы жұмысын алдымен әдебиетті іздеуден бастайды.
Осы білмдерін бекіту үшін оқушыларға арналған ғылыми қоғамның жетекшісі тарапынан оқу сабақтары кітапханада ұйымдастырылсын. Әдебиетпен жұмыс жасау келесі кезеңінде оқушыларды цитатасы бар әдебиетпен жұмыс жауға үйрету. Одан бсақа оқушылар анықтама мен энциклопедиялық басылымдардың пайдалы деңгейін бағалау керек.
Жұмыстың алғашқы екі-үш айында оқушылар әдебиетпен жасайтын жалпы амалдарын білу қажет:
1) қолданған әдебиеттер тізімін құрғанда қиыншылық тудырмау үшін карточкаға кітаптар мен мақалалардың толық библиографиялық мәліметтерін енгізе білуді;
2) әдебиеттік ақпараттық көзінің негізгі қаулысын көшіріп жазуды;
3) цитаталарды сауатты көшіріп жазу мен жүйелендіруді (беттің нөмірі мен ақпараттық көзі туралы толық мәлімет көрсетумен).
"обзор литературы по проблеме исследования" деп болжамдап атауға болатын оқушы тарапынан жұмысының фрагментін жаза білу әдебиетпен жұмыс жасауды үйренгендікті білдіреді.
Жыл сайын желтоқсан айында өткізілетін, таңдаған тақырыпты қорғау бойынша жас зерттеушілер мектептік конференциясына қатысу сәтті қадамдарының бірі болып табылатын маңызды кезең. Осы зерттеу нәтижесінің кезеңінде алған білімдерінен бөлек оқушылар, сөйлеу қабілетін, өз көзқарасын дәлледеуді, пікірталас жүргізуді игереді. Оқушыларға арналған зерттеу жұмыстарын қорғауға екі ай қалғанда бекітілген және жалпы қабылданған талаптарға сай зерттеу жұмыстарын ресімдеу білімдері мен қабілеттерін қалыптастыру бойынша сабақтар басталады.
Жұмысты ресімдеп болғаннан кейін жетекші оған рецензия жазады және оқушылардың назарын жұмысты қорғауға бағыттайды. Жұмысты қорғауға даярлаған кезде, зерттеу жұмыстарын қорғауының бірнеше нұсқасының барын есте сақтау керек. Классикалық және шығармашылық қоғау мадельдері кеңінен таралған болып табылады.
Классикалық қорғау моделі әзірленген тақырыптардың басты зерттеу аспектілерін көрсетумен ауызша қорғауға негізделген:
- зерттеудін өзектілігі мен жаңашылдығы;
- қолданған әдебиеттер мен ақпарат көзінің мінездемесі;
- мәселені шешудегі негізгі ғылыми тәсілдердің мінездемесі;
- зерттеу әдісінің таңдауын дәйектеу;
- жұмыстың мазмұндылығы бойынша негізгі қорытындылар.
Шығармашылық қорғау модельі келесіні қарастырады:
- ұсынылған тақырып бойынша көрнекілік материалдармен және құжаттармен стенд ресімдеу;
- зерттеу үрдісінде даярланған бейне көрсетілімдерді, слаудтарды ұсыну, аудиожазылымдарды тыңдау;
- зерттеудің негзігі бөлігінің фрагментін қызықты ұсыну;
- жұмыс бойынша қорытынды шығару.