КГУ "Школа-гимназия
№44
имени Динмухамеда Кунаева"

    

Меню

Бейіндік оқыту

Жаңа 2021-2022 оқу жылы  оқу жоспарлары туралы

  1. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы
  2. Республиканың орта білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен енгізілген).
  3. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығы
  4.   ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 мамырдағы № 195 бұйрығына  (1-қосымша) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары балалардың өмір бойына әлеуметтік табыстылық пен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қажетті физикалық, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін дамытуға негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.

Оқу жоспарының инвариативтік бөлігі бес білім беру саласын ( «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет») қамтиды және баланың мектепте білім алуға бағытталған әлеуметтік мүмкіндігін ашуды көздейді. Жоғарғы шекті оқу жүктемесі 20 сағатты құрайды.

Вариативтік бөлімде 3 сағат берілген. Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау және зейінін, функциональдық сауаттылық дағдысын қалыптастыру, қиялын  сыни тұрғыдан ұштау   мақсатында «Математика баспалдағы» 0 а, б, в, г, д, е сыныптарына аптасына 1 сағаттан (авторы: Мухамбеткалиева Г. М, Құрманбаева А. М қала   көлемінде таратылған бағдарлама,  хаттама №1 16.10.2018 ж) таңдап алынды.

Жас ұрпақтың ұлттық спорт, ұлттық өнер арқылы ойын дамыту, ұлттық рух –жігерін көтеру мақсатында «Алтын ұрпақ» жобасын жүзеге асыру аясында  «Қазақ биі» 0 а, б, в, г, д, е сыныптарына аптасына  2 сағаттан  алынды . (облыс  көлемінде таратылған. Хаттама № 2/1  15.04.2019ж. Авторлары: Т.М Амреева, Г.А Қуанышева.)

1-4сыныптарға  ҚР МЖМБС 2018 сәйкес жаңартылған білім мазмұны оқу жоспарларында  алты  білім беру саласы бойынша  оқу пәндерін оқыту енгізілген.

Вариативтік компоненті (таңдау пәндері бойынша 3-4 сыныптарда 1 сағаттан, дене шынықтыру спорттық ойындарға 1-4 сыныптарға аптасына 1сағаттан, гимназия компоненті бойынша әр сыныпқа 4сағаттан берілген). Жалпы вариативтік компонент 1-2 сыныптарда 5 сағатты, 3-4сыныптарда 6 сағатты құрайды.

Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру мақсатында «Мәңгілік ел » құндылықтарына бағдарланумен жүзеге асырылады. Сондықтан да жас ұрпақты елімізді сүюге, патриоттыққа, тарихымызды қастерлеуге, оны қорғауға, тұғырлы ел болашағын дамытуға тәрбиелеу мақсатында барлық  3-4 сыныптарға «Туған ел ұланы » таңдау пәні аптасына 1сағаттан (облыс көлемінде таратылған авторлық бағдарлама №4 хаттама 08.12.2017жыл, авторлары: №44 мектеп-гимназия мұғалімдері Г.Ж.Қарағойшина, Н.Б.Байдашева)   алынды. 

Математика бойынша тереңдетілген сыныптар: «Математика және логика» 1а, г, е, ж,  2 а, в, д , 3б,е , ж, з, 4б, ж, з, е сыныптарына гимназия  компонентінен аптасына 2сағат)оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылықпен жұмыстануын, білімге деген сенімін арттыру мақсатында алынды. (Облыстық эксперттік кеңестің шешімімен басылымға облыс мұғалімдері арасында таратылуға ұсынылды.  Хаттама №4 .08.12. 2017 жыл авторлары: Г.М.Нуртазина, Т.Ә. Аманшина, Ж.У.Имангалиева).

«Ғажайып  математика»  1 сағаттан 1а, г, е, ж. 2а, в, д сыныптарына (қала  көлемінде таратылған авторлық бағдарлама №3 хаттама 01.02.2016жыл,авторлары: №44 мектеп-гимназия мұғалімдері  Г.Ж.Қарағойшина, Г.М.Нұртазина, Э.А.Адиетова ) берілді.

Қазақ тілі бойынша тереңдетілген сыныптар: тілді тереңдету мақсатында балалардың сауаттылығын, пәнге деген қызығушылығын, пәндік білімді толықтыруда «Сауаттылық әлемі» 1б, в, д, з, 2б, г, е, ж, 3 а, в, г, д, 4а, в, г, д  сыныптарына 1сағат)тан берілді. (Облыс көлемінде таратылған. Хаттама №1. 25 .01.2019ж. авторлары: Имангалиева Ж. Бекмулдина Ж. Исмагулова М, Кукенова В.)

«Сөйлеу өнері» 1б, в, д, з, 2б, г, е, ж сыныптарына аптасына 1сағат, (облыс көлеміне таратылған хаттама №1.26.02 2021ж  . авторлары; Г. М.Нұртазина, М.Қ.Жангалиева) «Ойлан, ізден» 1б, в, д, з сыныптарына аптасына 1сағаттан,   (облыс  көлемінде таратылған хаттама № 2, 15.04.2019ж. Авторлары: Аманшина Т. Нуртазина Г.) берілді.   Оқушыларды сөз өнеріне баулу, тіл шеберлігін ұштау, мәнерлі оқу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылыққа бейім құзыретті жеке тұлғаны дамыту  мақсатында  

«Асыл сөз өнері» 3а, в, г, д, сыныптарына аптасына 2 сағаттан берілді.  (қала  көлемінде таратылған, хаттама № 1, 10.11.2017ж. Авторлары:Хатемова А.Ж. Адиетова Э.А Қайырғалиева А.З)

«Сөз маржаны»  4а, в, г, д сыныптарына аптасына 2 сағаттан берілді.  (қала  көлемінде таратылған) хаттама № 1, 10.11.2017ж. Авторлары: Жубатова Ж. Мусина А.Қ.)

Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері оқушылардың танымдық  белсенділігін және танымдық құзіреттілігін дамыту мақсатында театрлық – ойын әрекеті арқылы  балалар шығармашылығын түрлі жанрлары театрлық көрініске ену негізделген  Осы мақсатта «Драма» 2б, г, е, ж  сыныптарға алынды. Басшылыққа алынған авторлық бағдарлама . (облыс көлеміне таратылған хаттама № 1. 07.03.2017 жыл. Авторлар: Қарағойшина Г.Ж. Темирбаева Қ.Х.)

Жас ұрпақтың ұлттық спорт, ұлттық өнер арқылы ойын дамыту, ұлттық рух –жігерін көтеру мақсатында «Алтын ұрпақ» жобасын жүзеге асыру аясында «Қазақ биі» барлық 1сыныптарға 1сағаттан (облыс  көлемінде таратылған хаттама № 2/1  15.04.2019ж. Авторлары: Т.М Амреева, Г. А. Қуанышева), «Асық ату» барлық 2сыныптарға 1сағаттан (облыс  көлемінде таратылған хаттама № 2/1  15.04.2019ж. Авторлары: А.Т Мырзагереева, А.Б. Кусайнов, «Тоғызқұмалақ» барлық 3-4сыныптарға 1сағаттан (облыс  көлемінде таратылған хаттама № 2/1  15.04.2019ж. Авторлары: Т.А Қуанышкереев, Г.Б Касымова ) гимназия компонентінен кірістірілді.

5 сыныптар ҚР БжҒМ 2021 жылғы   26 наурыздағы №125 бұйрығының 19 қосымшасына     негізделіп  алынды. математика  пәнінен  тереңдетілген вариативтік компонентінің  элективті курсынан «Мәтінді есептер шығару» 5А, 5 Б, 5 В, 5Ж    сыныптарына,  оқушылардың  логикалық   ойлау  қабілеттерін  дамыту  мақсатында гимназия сағаты есебінен «Сандардың бөлінгіштік белгілері» 5А, 5Б, 5В, 5Ж сыныптарына, «Математика және логика» 5А, 5В, 5Ж сыныптарына  берілді.  Ал, қазақ  тілі  пәнінен тереңдетілген элективті курс есебінен  көркем  сөйлеу  дағдыларын  жетілдірудге негізделген   «Оқу сауаттылығы» 5Г, 5Д, 5Е, 5З  сыныптарына, «Мәтін - ой дамыту құралы» 5Г, 5Д, 5Е, 5З  сыныптарына  қосымша гимназия сағаты берілді. Гуманитарлық  пәндерді тереңдету  сабақтастығын  жалғастыруда ағылшын  тілінен «Excellent english»  5Г, 5Д, 5Е, 5З сыныптарына гимназия  сағаты, Республикалық  «Өзін-өзі  тану» рухани - адамгершілік  базалық мектеп ретінде  пәндерді  интеграциялау  мақсатында «Уақыт ағымындағы тіл» 5Е, 5З сыныптарына және «Жаhандық құзыреттілік» курсы негізінде «Парасаттылық және әдеп» 5Г, 5Д сыныптарына  берілді.  Жаратылыстану - математика бағыты бойынша  жаратылыстану  пәнінен   «Табиғаттың ғажайып әлемі»  5А, 5Б, 5Ж сыныптарына гимназия  сағаты  берілді. «Алтын ұрпақ»  жобасы  бойынша барлық 5 - ші  сыныптарға 1 сағаттан музыкадан «Қазақ  әндері», дене   шынықтырудан  «Спорттық  ойындар», оқушылардың  эстетикалық  тәрбиесін  дамыту  бағытында   «Әлем халықтарының биі» берілді, сонымен қатар қол еңбегі дағдыларын дамыту мақсатында «Кестелеу өнері» 5Б, 5В сыныптарына 1 сағаттан берілді. 

6 сыныптарда  оқу  жоспарының  вариативті  компоненті  элективті  курстар бөлімінен   «Теңдеу, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу», «Өсімдік жанға сая, дертке шипа»  6А, 6Г, 6Ж сыныптарына берілді. Гуманитарлық бағыт бойынша  ағылшын тілінен «Read and learn»,  қазақ тілінен «Ғ. Сейтақ шығармаларындағы туған өлке тарихы» 6Б, 6В, 6Д, 6Е сыныптарына берілді.  Математика бағыты бойынша  «Қызықты  математика» 6А, 6Г, 6Ж сыныптарына, қазақ тілінен «Туған жер»,  ағылшын тілінен «Ready to read» 6Б, 6В, 6Д, 6Е сыныптарына, өзін – өзі тану пәнін қазақ тілімен интеграциялау мақсатында «Уақыт ағымындағы тіл» 6В, 6Д сыныптарына,  жаратылыстану пәні бойынша «Жер ғаламшары – тіршіліктің ортақ мекені» 6А, 6Г, 6Ж, 6Е сыныптарына, сонымен қатар «Жаһандық құзыреттіліктер» курсынан «Домбыра үйренейік» 6А, 6Б, 6Г, 6Д, 6Е сыныптарына,  «Қазақ  әндері» 6Ж сыныбына, қол еңбегі дағдыларын дамыту мақсатында «Кестелеу өнері» 6А, Б, В, Г, Ж сыныптарына, балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында барлық 6 - сыныптарға 1 сағаттан «Әлем халықтарының биі», «Спорттық ойындар»  берілді.

7  сыныптарда   білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету  мақсатында педагогикалық  кеңесінің шешімі негізінде (27.08.20  №1 хаттамасы)  қысқартылған оқу жүктемесімен ҚР БжҒМ  2021 жылғы  26 наурыздағы   № 125 бұйрығына 19 қосымша  болып  еңгізілген ҚР БжҒМ 2012 жылғы  08  қарашадағы  № 500 бұйрығының  19 қосымшасына жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу  жоспарына  сай  құрылды.  Оқу пәндерінің қиыстырылуы  оқушылардың  қызығушылықтары  мен  ата-аналардың  сұранысын  ескере  отырып төмендегі  тізбекте  пәндер  комбинациясы   анықталды: 

7 А  сыныбы – алгебра, физика, география пәндерін;

7 Б  сыныбы - алгебра, физика,география пәндерін; 

7 В сыныбы - алгебра, география, биология пәндерін;

7 Г сыныбы -  алгебра, физика, химия пәндерін;

7 Д сыныбы - биология, химия, физика пәндерін;

7 Е сыныбы – ағылшын, Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы пәндерін;   

7 Ж сыныбы - Қазақстан  тарихы, география, ағылшын тілі  пәндерін тереңдетіп  оқитын  болады. Аталған  сыныптарға  инвариантты  бөлімде  таңдалған  комбинацияларға  байланысты вариативтік бөлімнен  ағылшын  тілі, Қазақстан  тарихы, химия, алгебра, физика, биология, география, дүние жүзі тарихы  пәндеріне  2  сағаттан қосылды. Вариативті  компоненттің гимназия  сағаттары есебінен геометрия  пәнінен «Геометрия  әлемі» 7А, 7Б, 7В, 7Г сыныптарына, «Физика пәнін ағылшын тілінде оқып үйрену» 7Д сыныбына, «Қызықты физика әлемі» 7А, 7 Б, 7Г сыныптарына, географиядан «Ұлы ашылулар мен саяхатшылар» 7А, 7Б, 7В сыныптарына, қазақ тілінен «Оқылым -  оқу  сауаттылығының негізі» 7Е сыныбына, химия пәнінен  «Химия айналамызда» 7Г, 7Д сыныптарына, ағылшын тілінен «Spoken english» 7Е, 7Ж сыныптарына, биологиядан «Мәдени өсімдіктер» 7В, 7Д сыныптарына, алгебрадан  «7 – 8 сынып оқушыларын математикалық олимпиадаларға дярлау» 7А, 7Б, 7В сыныптарына, өзін – өзі тану пәнін қазақ тілімен интеграциялау мақсатында «Адамзаттың рухани мұрасы» 7Д, 7Ж сыныптарына, «Ұлы даланың Ұлы есімдері» 7Д, 7Ж сыныптарына, ал шығармашылық дағдыларын дамытып, жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында барлық 7- сыныптарға «Әлем халықтарының биі», «Спорттық ойындар», актерлық шеберлікке баулитын «Жас дарын»  7Г, 7Е, 7Ж сыныптарына  берілді.

8  сыныптарда оқу  жоспары ҚР БжҒМ 2012 жылғы    қарашадағы  № 500 бұйрығының  19 қосымшасына, ҚР БжҒМ  2021  26 наурыздағы  № 125 бұйрығына 19 қосымша  болып  еңгізілген жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу  жоспарына  сай  құрылды. 8 сыныптарда былтырғы оқу жылындағы таңдалған пәндер комбинациясы жалғастырылуда.

8 А  сыныбы – ағылшын  тілі, география, биология  пәндерін; 

8 Б  сыныбы -  алгебра, физика,  география пәндерін; 

8 В сыныбы -  алгебра, физика, география пәндерін;

8 Г сыныбы -  алгебра, биология,  физика пәндерін; 

8 Д сыныбы -  биология, химия,  география пәндерін;

8 Е  сыныбы -  биология, химия, география  пәндерін

8 Ж сыныбы – ағылшын, Қазақстан тарихы, қазақ тілі пәндерін  тереңдетіп  оқитын  болады. Аталған  сыныптарға  инвариантты  бөлігінде  таңдалған  комбинацияларға  сәйкес вариативтік бөлімнен ағылшын  тілі, Қазақстан  тарихы, қазақ  тілі, химия, алгебра, физика, биология, география  пәндеріне  2  сағаттан қосылды. Вариативті  компоненттен элективті курстар бөлімінен ағылшын тілінен «Global English» 8А, 8Ж сыныптарына, алгебра  пәнінен «Планиметрия есептері» 8Б, 8В сыныптарына, химиядан «Химиядан сандық есептер шығару» 8Д, 8Е сыныптарына, биологиядан «Адам анатомиясы мен гигиенасы» 8Г сыныбына берілді. Ал,  гимназия  сағаттары компонентінен PISA – ға дайындау мақсатында «Оқушылардың жаратылыстану – ғылыми сауаттылығын қалыптастыру жолдары» 8Д, 8Е (химия) сыныптарына, 8А (биология) сыныбына, 8Б, 8В, 8Г, 8Ж (физика) сыныптарына, география  пәнінен «Геология негіздері» 8Б, 8В, 8Д, 8Е сыныптарына, алгебрадан «Халықаралық зерттеу есебі» 8Б, 8В, 8Г сыныптарына, қазақ тілінен «Қадыртану» 8Г, 8Е, 8Ж сыныптарына, физика  пәнінен  «Физика пәнін ағылшын тілінде оқып үйрену» 8В сыныбына, «Biology - 8» (биология ағылшын тілінде) сыныбына, ағылшын тілінен «General English» 8А, 8Ж сыныптарына, химиядан  «Basic concepts of inorganic chemistry» (химия ағылшын тілінде) 8Д сыныбына, тарих пәнінен «Ұлы даланың жеті қыры» 8Ж сыныбына,  барлық 8- ші сыныптарға «Спорттық  ойындар», ал шығармашылық дағдыларын дамытып, актерлық шеберлікке баулып, сымбатты да жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында «Жас дарын» 8А, 8В, 8Г, 8Д, 8Е сыныптарына, «Әлем халықтарының  биі» 8А, 8Б сыныптарына және жұмсақ қуыршақтар жасап қол еңбегімен шұғылдану үшін «Қуыршақтар әлемі»  8Б, 8Г, 8Д, 8Е, 8Ж сыныптарына берілді.

9- сыныптарда оқу  жоспары ҚР БжҒМ 2012 жылғы    қарашадағы  № 500 бұйрығының  19 қосымшасына, ҚР БжҒМ  2021  26 наурыздағы  № 125 бұйрығына 19 қосымша  болып  еңгізілген жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу  жоспарына  сай  құрылды. 

9 А сыныбы – ағылшын, Қазақстан тарихы, қазақ тілі пәндерін;

9 Б сыныбы – биология, химия, география пәндерін;

9 В сыныбы – алгебра, физика, биология пәндерін;

9 Г сыныбы – биология, химия, физика пәндерін,

9 Д сыныбы – география, ағылшын, биология пәндерін;

9 Е сыныбы – алгебра, физика, география пәндерін тереңдетіп оқитын болады.

Оқу жоспары бойынша аталған  сыныптарға  инвариантты  бөлігінде  таңдалған  комбинацияларға  сәйкес вариативтік бөлімнен ағылшын, Қазақстан тарихы, қазақ тілі, биология, химия, география, физика пәндеріне 2 сағат қосылды.  Вариативтік бөлімнің элективті курс компонентінен ағылшын тілінен «Іскерлік тіл» 9 А, Д сыныптарына,  алгебрадан «Математикалық логика» 9 В, Е сыныптарына, физикадан «Адам физикасы» 9 В, Г сыныптарына, химия пәнінен «Бейорганикалық химияның танымдық әлемі» 9 Б, Г сыныптарына, тарих пәнінен  «Алаш  қозғалысы. Алаш  орданың Батыс бөлімі» 9 А сыныбына, география пәнінен «Қазақстанның туристік орындары» 9 Е сыныбына,  биологиядан «Табиғат және адам» 9 Б, Д сыныптарына атты элективтік курстары берілді.

Гимназиялық компоненттен химиядан «Тіршілік химиясы» 9 Г сыныбына, алгебрадан «15 жастағы оқушылардың математикадан функционалдық сауаттылықтарын практикаға бағытталған есептерді шешу арқылы дамыту» 9 А, Б, Е сыныптарына,  PISA – ға дайындау мақсатында  «Оқушылардың жаратылыстану – ғылыми сауаттылығын қалыптастыру жолдары» 9 Б, Г (химиядан),  9В, Д (биологиядан), 9 Е (физикадан) сыныптарына, қазақ тілі пәнінен «Поэзия падишасы – Фариза Оңғарсынова» 9 А, Д сыныптарына, үштілділікті жүзеге асыру мақсатында химия мен биологияны ағылшын тілінде оқытуға «Жалпы бейорганикалық және органикалық химия негіздері» және «Biology - 9»  9 Б, В сыныптарына, барлық 9-шы сыныптарға «Спорттық ойындар» және «Жаhандық құзыреттіліктер» жобасы бойынша «Зайырлылық және дінтану негіздері», информатика пәнін ағылшын тілінде оқыту мақсатында  «Информатика ағылшын тілінде» 9 В, Г, Д сыныптарына, тарих пәні бойынша «Түркі дәуіріндегі Қазақ елі» 9 А, Г сыныптарына, физика пәнінен «Қызықты физика әлемі» 9 Е сыныбына, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Баскетболшының ептілігі мен жылдамдық қасиеттерін дамытудың тәсілдері мен құралдары»  9А, 9Д, 9Е сыныптарына берілді.

10 А, Б, В сыныптарына (жаратылыстану – математикалық бағыт) оқу  жоспары ҚР БжҒМ 2012 жылғы    қарашадағы  № 500 бұйрығының  19 қосымшасына, ҚР БжҒМ  2021  26 наурыздағы  № 125 бұйрығына 19 қосымша,

10 Г сыныбына (қоғамдық – гуманитарлық бағыт) ҚР БжҒМ 2012 жылғы    қарашадағы  № 500 бұйрығының  29 қосымшасына, ҚР БжҒМ  2021  26 наурыздағы  № 125 бұйрығына 29 қосымшасы болып  еңгізілген жаңартылған мазмұндағы (төмендетілген) үлгілік оқу  жоспарына  сай  құрылды.   10 А, Б, В  сыныптар жаратылыстану-математика және 10 Г қоғамдық-гуманитарлық бағыт. Стандартты және тереңдетілген деңгейдегі бейінді пәндерді таңдау арқылы білім алушылар  анықтады.

10 А, 10 Б сыныптар – география, физика бағытын;

10 В сынып – химия, биология бағытын;

10 Г сынып – құқық, дүниежүзі тарихы бағытын таңдады.

Оқу жоспары бойынша аталған  сыныптарға таңдалған  комбинацияларға  сәйкес таңдау пәндерінің  тереңдетілген деңгейі бойынша пәндер компонентінен 10 А, Б, В сыныптарына география, физика, химия, биология, 10 Г сыныбына  құқық, дүниежүзі тарихы пәндеріне 3 сағаттан бөлінген. Сонымен қатар стандартты деңгей компонентінен «Жаhандық құзыреттілік» жобасы бойынша оқушылардың таңдауымен барлық 10- сыныптарға «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсына 2 сағат берілді. 

Оқу  жоспарының  вариативті  бөлімінің  таңдау  пәндері компонентінен тарих пәнінен «Қазақстан  тарихындағы ұлт азаттық қозғалыстар»10 В сыныбына, қазақ тілі пәнінен «Шығармашылық  әлемі» 10 А, Б, В сыныптарына, биология пәнінен «Бионика – табиғат перзенті»10 В сыныбына, географиядан  «Әлемнің  көрікті  орындарына  саяхат» 10 А, Б сыныптарына, физикадан «Физикадан есептер  шығару практикумы» 10 А, Б сыныптарына, химия пәнінен «Химиядан есептер шығару» 10 В сыныбына, алгебрадан «Тест  есептері және оны шешу жолдары» 10 А, Б сыныптарына берілді.

Вариативтік бөлімнің элективті курстар компонентінен, химия пәнінен «Химиядан күрделілігі жоғары есептерді шығарту», биологиядан «Селекция және биотехнология негіздері» 10 В сыныбына, географиядан «Әлемнің заманауи бейнесі», физикадан «Электродинамика негіздері» 10 А, Б сыныптарына, тарих пәнінен «Қазақ халқы тарихындағы көтерілістер» 10 А, Б, В сыныптарына берілді.

Вариативтік бөлімнің гимназиялық компонентінен ағылшыннан «Fluent English» , химиядан «Тағам технологиясы» 10 В сыныбына, физика пәнінен «Физиканың негізгі заңдары» 10А, Б сыныптарына, дүниежүзі тарихынан  «Әлемді өзгерткен ұлы оқиғалар» 10 А, Б, В сыныптарына, информатикадан  «Unity 5 - 3D бағдарламасы ортасында ойын жасау» 10 А, Б сыныптарына, алғашқы әскери дайындық пәні бойынша мылтық атуға баулу мақсатында «Арлан» тақырыбында 10 А, Б сыныптарына, өзін – өзі тану пәнін өмір әдебімен интеграциялау мақсатында салауатты өмір салтын, өмір сүру дағдысын қалыптастыру мақсатында «Отбасылық өмірдің әдебі мен психологиясы» 10В, 10Г сыныптарына, «Ар – ұждан ілімі» 10А, 10Б, 10В, 10Г сыныптарына берілді.

10 Г сыныбына вариативтік бөлімнің таңдау пәндері компонентінен  тарих пәнінен  «Әлемді өзгерткен ұлы оқиғалар», қазақ тілі пәнінен «Шығармашылық әлемі», «Жамбылтану», алгебра пәні бойынша «Тест есептері мен оны шешу жолдары» сағаттары берілді.

Вариативтік бөлімнің элективті курстар компонентінен дүниежүзі тарихы пәнінен «Әлем тарихындағы соғыстар», «Әлем кешеден бүгінге дейін», ағылшын тілі пәні бойынша «English speaking countries» курстарының сағаттары берілді.

Вариативтік бөлімнің гимназиялық компонентінен ағылшын тілінен «Fluent English»,  тарих пәні бойынша «Ұлы даланың жеті қыры», қазақ тілі пәнінен «Жыр жүйрігі – Мұқағали», дене шынықтырудан «Спорттық ойындар» 10 А, Б, В, Г сыныптарына берілді.  

Бағдарлы  оқыту  11 А, Б  сыныптарына  оқу жоспары ҚР БжҒМ  2018  4 қыркүйектегі  № 441 бұйрығына 23 қосымша  болып  еңгізілген ҚР БжҒМ 2012 жылғы   08 қарашадағы  № 500 бұйрығының  47 қосымшасына, 11 В сыныбына оқу жоспары ҚР БжҒМ  2018  4 қыркүйектегі  № 441 бұйрығына 25 қосымша  болып  еңгізілген ҚР БжҒМ 2012 жылғы   08 қарашадағы  № 500 бұйрығының  49 қосымшасына, жаңартылған мазмұндағы (төмендетілген) үлгілік оқу  жоспарына  сай  құрылды.

11 сыныптарға арналған оқу жоспарының негізгі мақсаты – мектептің вариативтік компонентіне жалпыға бірдей және бейіндік сипаттағы тұлғаның өзін-өзі анықтауға дайын, жан-жақты дамуын қалыптастыруды жаңғырту арқылы жүзеге асыру болып табылады. Бағдарлама оқушылардың стандарттық білім алуына, мамандыққа баулуға, мәдениеттілік құзырлықтарын арттыруға бағытталады. Вариативтік компонент сабақтары болашақ түлектерге ғылымның әр түрлі саласынан білім беріп қана қоймай, оның танымын, дағдысын, іскерлігін дамытуды, қалыптастыруды діттей отырып, келешек өмір жолын, мамандығын таңдап алуына, соған байланысты бейімділігі мен қабілетін дамытып, қалыптастыруға бағытталған. 11 А, Б сыныптары жаратылыстану –математикалық бағытты, 11 В сыныбы қоғамдық - гуманитарлық бағытты таңдады.

11А сыныбы – география, физика пәндерін;

11Б сыныбы – химия, биология пәндерін;

11В сыныбы – құқық, дүниежүзі тарихы пәндерін тереңдетіп оқиды.  Тереңдетілген деңгейдегі 2 міндетті және стандарттық деңгейдегі 2 міндетті пәнді таңдау жалғастырылуда. 11 А, Б сыныптарына таңдау пәндерінің тереңдетілген деңгейі  пәндері компонентінен география, физика, химия, биология пәндеріне 3 сағат, 11 В сыныбына құқық негіздері мен дүниежүзі тарихы пәндеріне 3 сағат берілді. Стандартты деңгей компонентінен «Жаhандық құзыреттілік» жобасы бойынша оқушылардың таңдауымен «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсына 11 А, Б, В сыныптарына 2 сағат берілді.

Вариативтік бөлімнің таңдау пәндері компонентінен Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақстан тарихындағы  ұлт-азаттық  қозғалыстар», география пәнінен «Жаhандық проблемалар» 11 А сыныбына, қазақ тілінен «Эссе жазудың теориясы мен практикасы»  және алгебрадан  «Тест есептері және оларды шешу жолдары» курстары 11 А, Б, В сыныптарына, биологиядан  «Эволюциялық ілім» және химия пәнінен  «Тұрмыстағы химия» курстары 11 Б сыныбына берілді.

Вариативті курс бөлімінің элективті курс компонентінен химиядан «Химия және  экология», биологиядан «Жалпы биология» 11 Б сыныбына, географиядан «Әлемді танып білудегі географияның рөлі», физикадан «Эксперименттік сапалық және логикалық есептер шығару» 11 А сыныбына, тарих пәнінен «Ұлы даланың жеті қыры» 11 А, Б сыныптарына берілді.

Вариативті курс бөлімінің гимназиялық компонентінен ағылшыннан «Fluent English» 11 Б сыныбына, биологиядан «Биомедицина және биоинформатика» 11 Б сыныбына,  физикадан «Мектеп физика курсының бағдарламасына сәйкес есептер шығарудың әдістемелік жолдары» және «Физиканы тереңдетіп оқу» 11 А сыныбына, алгебрадан «Математикалық сауаттылық» 11 А, Б, В сыныптарына, «Робототехника Arduino бастаушылар үшін» 11 А, Б, В сыныптарына, географиядан «Әлем ғажайыптары» 11А сыныбына, химиядан «Органикалық химия және адам әрекеті»  11Б сыныбына және дене шынықтырудан «Спорттық ойындарға» 11 А, Б, В сыныптарына берілді.

Қоғамдық -  гуманитарлық бағытындағы 11 В сыныбына тереңдетілген деңгейдегі 2 міндетті және стандарттық деңгейдегі 2 міндетті пәнді таңдау жалғастырылуда, таңдау бойынша пәндер бөлімінің тереңдетілген компонентінен құқық негіздері мен дүниежүзі тарихы пәндеріне 3 сағат берілді. Таңдау пәндері компонентінен тарих пәнінен «Әлемді өзгерткен ұлы оқиғалар», қазақ тілі пәнінен «Оқу сауаттылығы» берілді. Элективті курстар компонентінен ағылшын тілінен «Fluent English», тарих пәнінен «Әлем тарихындағы соғыстар», «Ұлы даланың жеті қыры» курстарының сағаттары берілді.  Гимназиялық сағаттар компонентінен ағылшын тілі бойынша «Global English», құқық пәні бойынша «Орта ғасыр және дала заңдары» және өмір сүру дағдысын қалыптастыру мақсатында  «Отбасылық өмір әліппесі»  берілді.

Қазақстан Республикасы  БжҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы  № 500 бұйрығының  55 қосымшасына, ҚР БжҒМ  2021 жылғы 26 наурыздағы  № 125 бұйрығына 55 қосымша оқыту қазақ тілінде жүргізілетін үйде оқитын білім алушыларға арналған негізгі орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары негізінде жасалды.  

 

Государственные символы

Блог директора

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Рады приветствовать вас
в моем блоге!

Перейти в блог

Администрация

Апакаева Венера Турегелдиевна

12-03-2019 Hits:68422 Администрация Super User

Апакаева Венера Турегелдиевна
директордың ғылыми – әдістемелік орынбасары

Read more

Нурекешова Айгул Сагидоллақызы

12-03-2019 Hits:67630 Администрация Super User

Нурекешова Айгул Сагидоллақызы
директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:66668 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы

12-03-2019 Hits:67327 Администрация Super User

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы
директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы

12-03-2019 Hits:67927 Администрация Super User

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы
мектеп психологы

Read more

Айтжан Ботагөз Талғатқызы

12-03-2019 Hits:68001 Администрация Super User

Айтжан Ботагөз Талғатқызы
әлеуметтік-педагог

Read more

Искалиева Жадыра Болатқызы

14-03-2019 Hits:56161 Администрация editors

Искалиева Жадыра Болатқызы 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Урбисенова Алия Кабдырахиевна

15-03-2021 Hits:57669 Администрация editors

Урбисенова Алия Кабдырахиевна
Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары

Read more

Ардақ Жангелдіқызы

19-03-2021 Hits:57866 Администрация editors

Ардақ Жангелдіқызы
Тәлімгер

Read more

Школьная форма

Разработчик Torus.kz