Шығармашылық топтар жұмысы туралы
Мектебіміздегі әдістемелік қызметтің басты мақсаты-мектеп мұғалімдерінің ақпараттық, кәсіби құзіреттілігін жетілдіру және оқыту сапасын арттыру, мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен нәтижесіне талап қоя білу, оқыту тәжірбиесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру болса, осы тұста мектебіміздегі әдістемелік қызмет 5 бағытта жұмыс жасап келеді:
Ақпараттандыру - мультимедия кабинетінің мүмкіндіктерін, электронды оқыту, т.б. ақпараттық технологияларды мұғалімдердің қолдануымен сабақтар өткізіп, тәжірбие тарату, баспасөз беттерінде жариялау, семинарларда ой бөлісу;
Педагогикалық шеберлік, кәсіптік құзіреттілік – оқу мен тәрбие сапасын көтеруде біліктілікті арттыру курстарында, семинар, конференцияларға, педагогикалық оқылымдарға, шығармашылық есеп беруге қатысу;
Жас мамандар мектебі – жас маманның педагогтік қызметтегі кездескен қиындықтарды жеңіуне, сыныппен жұмыс істеуге жағдай жасау, тәлімгер- ұстаздар бекіту;
Дарынды балалармен жұмыс - ОҒҚ «Болашақ», «Олимпиадалық резерв мектебі» жұмысы, оқушы бойындағы табиғи дарынның жан-жақты дамуына қолдау көрсетіп, ғылыми зерттеу жұмыстарына, ғылыми жобалардың сайыстарына қатысу.
2020-2021 оқу жылында мектеп- гимназияның өзекті мәселесін іске асыру мақсатында төмендегідей шығармашылық топтар құрылды:
1. Дусанова Д.С. – ОТМ жетекшісі
2. Нурмуханбетова Д.У. – ЖММ жетекшісі
3. Ризуанова К.Е. – «Оқытушы қоғам» бірлестік жетекшісі
4. Саматаева Г.А. – «Олимпиадалық резерв» оқушылар қоғамының жетекшісі
5. Зулкашева Ш.М. «Ұлағат» желілік қоғамдастығының жетекшісі
6. Каюбалиева Г.Т. – «Болашақ» ғылыми қоғамының жетекшісі
Анықтама
Мектептегі көшбасшылық, шығармашылық топ жұмыстары
2021-2022 оқу жылында мектеп әкімшілігінің ұйғаруымен көшбасшы мұғалімдер арқылы командалық топтар құру ұсынысы қолға алынды. Ол үшін алдымен ұжым ішіндегі мұғалімдер арасынан жұмыс сапасы жоғары, жетістіктерімен алда жүрген, артынан мұғалімдерді ілестіре алатын көшбасшы мұғалімдер анықталды. Содан кейін ұжым мүшелеріне гугл форма арқылы өз көшбасшысын таңдау ұсынылды. Бұл ретте бір ерекшелік – таңдау мұғалімдердің өздеріне берілді, кімнен үйренгісі келеді, кіммен қызығушылықтары ортақ немесе байланыста болғысы келеді. Осылайша 20-25 мұғалімнен тұратын 7 командалық топ құрылды, «Заманауи мұғалім – заманауи қоғам командалық топтар желісі» деген жоба бастау алды.
Мұғалімнің бойында болуға тиіс үш білім: пәндік білім, технологиялық білім, педагогикалық білім болу керек болса, осы үш білім үйлесімділік тапқанда мұғалім кәсіби жоғары маман болады деген ағылшын зерттеушілері Мишра мен Келердің пікірлерін ұстандық. Әр топ өз көшбасшыларымен өзіндік бағытын анықтаған соң, топтарды үш бағытқа тоғыстырдық. Олар:
- Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру (Триумф, Санқырлы топтары).
- IT сауаттылығын дамыту (IT teachers, Жаңашыл жауынгерлер, Самға топтары).
- Рухани даму (Кемеңгер, Modern мұғалім топтары) құрылды.
Жобаның мақсат-міндеттері белгіленді.
Мақсаты: ынтымақтастық орта құру арқылы мұғалімдердің кәсіби өсуіне жағдай жасау.
Міндеті:
- шығармашылықпен жұмыстанатын ұжым қалыптастыру;
- инновациялық орта құру;
- жас ұстаздарға әдістемелік қолдау көрсету, тәжірибе алмасу.
Жоба жұмыстарына барлық топ ұстаздары белсене қатысып, жоспарға сай барлық шаралар уақытылы өтуде.
Директордың орынбасары Л.Дюсенбаева
“READx battle” жобасы
2022 жылдың 29 наурыз күні мектебімізде “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында ұстаздармен “Жақсы кітап - ақылды адамның әңгімесімен бірдей" тақырыбында “READx” форматында оқырмандар конференциясы өткізілді. Аталған шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар жаңа форматта оқыған кітабымен таныстырды.
READx шарасының мақсаты: Еліміздің жас қаламгерлерін насихаттау, таныстыру.
1) Кітап авторы, оның өзгеде шығармаларын қысқаша таныстыру. (атап-атап кету)
2) Осы оқыған кітабыңыздың негізгі түйіні, ерекше есте қалар тұстарын айту.
Қатысушыларымыз:
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінен: Назерке Әлібекқызы, Асқар Алтай «Киллер сауысқан» кітабы.
МИФ бірлестігінен: Анар Оспангалиевна, Мадина Омарова «Қадір түні» кітабы.
Тарих бірлестігінен: Бекнур Турешевич, Зейнеп Ахметова «Шуақты күндер» кітабы.
Жаратылыстану пәндері бірлестігінен: Динара Қадырбекқызы, Қойшығара Салғараұлы «Сол бір күндер» кітабы.
Бастауыш бірлестігінен: Қалқаман Сарин «Арманымның бейнесі» кітабы.
Ағылшын тілі бірлестігінен: Асылзада Ергеновна, Санжар Керімбай «Өркениетті адам» кітабы.
Өзін-өзі тану пәні бірлестігінен: Ботагөз Талғатқызы, Тұрсынжан Шапай «Шын жүрек – бір жүрек» кітабы.
Орыс тілі бірлестігінен: Нұрлы Султашовна, Зейнеп Ахметова «Бабалар аманаты» кітабы.
Технология бірлестігінен Мұнайдар Балмолда «Көкбөрі» кітабын Арген Маратұлы таныстырып жарнамалады.
Көрермен қауым кітапты жарнамалаушы спикерлерге кері байланыс беріп, әр шығарманың құнды екенін айтып, алғыстарын білдірді.
«Ұлағат» желілік қоғамдастық жұмысы
Желілік қоғамдастықтың мақсаты негізінде мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін дамыту бойынша 2021-2022 оқу жылы біздің мектеппен №33, №4, №49, №50, №37, Серебряково ЖООББМ мектептер арасында кәсіби байланыс орнатылды. Оқу жылы ішінде мектеп педагогтері түрлі шараларға қатысып, педагогикалық мәселелерді шешуде тоқсан сайын бір мектепте бас қосып педагогтерге бағытталған жұмыстарға белсене қатысты:
- №4 ЖОББМ «Функциналдық сауаттылық» тақырыбында екі күндік семинарға математика пәні мұғалімдері Нурмуханбетова Д.У, Каюбалиева Г.Т, Ахметова С.Б қатысты.
- №37 ЖОББМ ұйымдастырылған «Жиынтық бағалау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру және өткізу жолдары» семинарға қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Мәлік Саягүл қатысты.
- Серебряково ЖОББМ үштілділік бойынша семинарға Урбисенова А.К барды.
- №37 ЖОББМ ұйымдастырылған «Критериальное оценивание учебных достижений учащихся на уроках русского языка и литературы» тақырыбындағы шараға мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Тулегенова Э.С, Татенова А.С қатысты.
- №37 ЖОББМ ұйымдастырылған «Ағылшын тілі сабақтарында АҚТ пайдаланудың тиімді жолдары» семинарына мектебімізден және ағылшын тілі пәні мұғалімі Утепова Е.К қатысты.
- №37 ЖОББМ өткізген «Қоғамдық пәндерді меңгертуде оқушыларды зерттеушілік-ізденушілік жұмыстарға баулу» семинарында тарих пәні мұғалімі Хамзин Ж.К «Тарих сабақтарында оқушылардың қажеттіліктері бойынша оқыту арқылы зерттеушілік дағдыларын арттыру» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.
- №33 мектепте жас ұстаздарға арналған шаралар ұйымдастырылды. Жастар отырысына биология пәні мұғалімі Ахмедуллина А.Б қатысты.
- №37 мектепте «Білім алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындалудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында «Ұлағат » желілік қауымдастығының ұйымдастыруымен семинар өткізіліп, біздің мектептен «Химия пәнінен мемлекеттік қорытынды аттестаттау тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады. Қатысушы ретінде география пәні бойынша В.Апакаева, биология пәні бойынша А.Имангалиева да қатысып, тәжірибе алмасуға қатысты.
Шараларға қатысқан мұғалімдер арасында жағымды қарым-қатынас орнады, озық тәжірибелермен алмасу орын алды, ортақ мәселелерді бірігіп шешу іске асты деп айтуға болады.
Д.Қонаев атындағы №44 мектеп гимназиясының мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында сәуір айының 7 күні мектепішілік "ІС ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУ" тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Оқыту семинарын мектеп тренері Капанова Гульмира Гайсиевна жүргізді.
Оқыту семинарының негізгі мақсаты мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру үшін ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУДІ қалай қолдану керектігін және де жалпы мектептегі тәжірибені жетілдіру мақсатында басқа мұғалімдерге ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУДІ пайдалануға қалай көмектесу.
Оқу нәтижесі: Әріптестер ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУДІ жоспарлау, зерттеу сұрағын тұжырымдауды үйренеді.
Оқыту семинары мына негізгі бөлімдерден тұрды:
1) «Іс-әрекеттегі зерттеу» санатының шығу тегі.
2) Мектеп базасындағы іс-әрекеттегі зерттеу дегеніміз не?
3) ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
4) Зерттеу сұрағын тұжырымдау.
5) Іс-əрекеттегі зерттеудің жалпы үдерісін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар.
Бұл семинар мұғалімдердің өз іс –тәжірибесінде болып жатқан проблеммаларды анықтай отырып, оны шешу жолдарын ұсынуға, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Әр ұстаз сыныптарына зерттеу жүргізу арқылы кез-келген туындаған мәселені шешу жолдарын анықтап, өз қоржындарын тәжірибемен толықтырды. Пән мұғалімдері жақсы кері байланыс беріп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді