? Мектеп - білім ордасы. Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына байланысты. ? Осы орайда Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясы 2020-2021 оқу жылында оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қана қоймай, оқушыларды ғылыми бағыттағы ізденіске, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында да бірқатар жұмыстар жүргізді. ?Дарынды балалармен жұмыс жасауда білім ордасының басты мақсаты - оқушыларға өз қабілеттерін, өзіндік қызығушылықтарын қоғам мүддесіне сәйкес толық іске асыра алатындай жағдай жасау. Оқушылардың қабілеттерін, ерекше дарындылықтарын дамыту.
??Дарынды шәкірт - білікті ұстаздан. Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу қиын да, қызықты іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелей білу - ұстаз парызы. ✊
?Ендеше, 2020-2021 оқу жылында Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясының намысын асқақтатқан ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА ЗОР АЛҒЫС білдіре отырып, әлі де талай биік асуларды бағындыруларына тілек білдіреміз. ??














