🏢 Мектеп - білім ордасы. Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына байланысты. 🏛 Осы орайда Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясы 2020-2021 оқу жылында оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қана қоймай, оқушыларды ғылыми бағыттағы ізденіске, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында да бірқатар жұмыстар жүргізді. 🏆Дарынды балалармен жұмыс жасауда білім ордасының басты мақсаты - оқушыларға өз қабілеттерін, өзіндік қызығушылықтарын қоғам мүддесіне сәйкес толық іске асыра алатындай жағдай жасау. Оқушылардың қабілеттерін, ерекше дарындылықтарын дамыту.
👩🏫Дарынды шәкірт - білікті ұстаздан. Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу қиын да, қызықты іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелей білу - ұстаз парызы. ✊
👏Ендеше, 2020-2021 оқу жылында Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясының намысын асқақтатқан ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА ЗОР АЛҒЫС білдіре отырып, әлі де талай биік асуларды бағындыруларына тілек білдіреміз. 👏👍