"Дінмұхамед Қонаев атындағы
№44
мектеп-гимназиясы" КММ

    

Мәзір

Мектеп Жарғысы

«Бекітілді»

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласының әкімдігінің

2020 жылғы_____________ №________ қаулысымен

 

«Орал қаласының білім беру бөлімінің

Дінмұхамед Қонаев атындағы №44 мектеп - гимназия»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ

 

БӨЛІМДЕРІ

1. Жалпы ережелер

2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің нысаны мен мақсаттары

4. Білім беру үдерісінің мақсаты, жүзеге асырылатын білім беру бағдармаларының тізімі

5. Коммуналдық мемлекеттік мекемеге қабылдау тәртібі

6. Білім беру үрдісін ұйымдастыру

7. Білімді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау жүйесі, оларды өткізудің нысандары мен тәртібі

8. Ақылы қызмет көрсетудің тізбесі мен тәртібі

9. Білім беру ұйымының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қатынастарын рәсімдеу тәртібі

10. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару

11. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

12. Білім беру үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

13. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

14. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

15. Білім беру ұйымын қайта ұйымдастыру мен тарату тәртібі.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Орал қаласының білім беру бөлімінің «Дінмұхамед Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. (әрі қарай - КММ) заңды тұлғалық статусы бар, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.

1.2. Мектеп – гимназияның заңды мекен – жайы:

Индексі: 090014, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Д.Қонаев атындағы шағын аудан 54 үй.

1.3.Мектеп - гимназия заңды тұлға болып табылады, жеке балансы, Батыс Қазақстан қазыналық басқармасында есеп айыру шоты бар.

1.4. Гимназияның өзіндік мөрі, бұрыштамасы, бланкісі, маңдайша жазуы бар.

1.5. Гимназияның құрылтайшысы – БҚО Орал қаласының әкімдігі. Орал қаласының білім беру бөлімі тиісті саланың уәкілетті органы болып саналады.

1.6 Мемлекеттік заңды тұлғаның түрі – коммуналдық мемлекеттік мекеме.

1.7. Гимназия атауы:

Мемлекеттік тілде: Орал қаласының білім беру бөлімінің «Дінмұхамед Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия №44 имени Динмухамеда Конаева» отдела образования города Уральска.

2. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ЗАҢДЫҚ МӘРТЕБЕСІ

2.1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.

2.2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

2.3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

2.4. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

2.5. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

2.6. Жергілікті әкімшілік органдары мен гимназия басшысы гимназия оқушыларына тамақтану және дәрігерлік қызмет көрсетуді ұйымдастырып, жағдай жасайды. Тамақтану сапасына және дәрігерлік қызмет көрсетуге бақылау жасау денсаулық сақтау органдарына жүктеледі.

2.7.Гимназияда саяси партиялар, қоғамдық – саяси қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдық құрылымдарының құрылуына және қызмет етуіне жол берілмейді.

3. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЫСАНЫ МЕН МАҚСАТТАРЫ

3.1.Мекеме қызметінің нысаны – өз құрылымында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдармаларын іске асыратын сыныптары, сондай-ақ оқушылардың қабілеттері мен бейімдіктеріне байланысты тереңдетіп, бейіндеп, саралап оқытуды қарастыратын қосымша жалпы білім беру бағдарламасын іске асыру.

Гимназия қызметінің мақсаты: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын және оқушыларға тереңдетіп, бейіндеп, саралап оқытуды қарастыратын, сондай-ақ қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруі үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін гимназия келесі міндеттерді іске асырады:

- Мемлекеттік білім стандартының орындалуын қамтамасыз ету;

- оқушылардың білім, шеберлік дағдыларын меңгеруден талдау жасау және логикалық ойлау қабілетін дамытуына біртіндеп көшуі;

- көпбейіндік оқыту мен оқушылардың жеке қызығушылықтары негізінде барлық оқу-тәрбие үдерісін ерекше дараландыру;

- білім беру жүйесін мекеме түріне және білім беру үдерісі мазмұнына қарай бейіндеріне сәйкес саралап, жіктеу;

- оқушыларды гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарына даярлаудағы үйлесімділік, білім беруді компьютерлендіру;

- оқушыларды ұлтжандылыққа, азаматтық, интернационалдық және адамгершілік идеялары негізінде белсенді оқуға баулып, осы негізде тәрбиелеу үдерісін құру;

- Қазақстан Республикасында тұратын барлық халықтардың ұлттық мәдениетін, озық салт-дәстүрлерін сақтау;

- жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру мақсатында отбасымен өзара тығыз қарым-қатынас орнату;

- мектеп бітірушілерді кәсіптік оқытуға бағытталған пәндер бойынша даярлау, бейініне сәйкес жоғары білім алуына бағыт беру;

- жалпы білім беру үдерісінде алдыңғы қатардағы шетелдік және отандық педагогикалық тәжірибені пайдалану, педагогтардың кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылығын арттыру.

3.2.КММ бағыты: көпбейіндік.

Орта білім беру жүйесінің барлық сатылары бойынша жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мемлекеттік мекеменің негізгі қызметі болып табылады: мектепалды даярлық, бастауыш білім беру (1-4 сыныптар), негізгі орта білім (5-9 сыныптар), жалпы орта білім немесе бейіндік оқыту (10-11 сыныптар).

3.3.Гимназия қызметінің негізгі нысандары:

- оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту;

- ата-аналарға педагогика, жалпы және жас ерекшелік психологиясы, білім беру және отбасы психологиясы мәселелері бойынша кеңес беру;

- жаңа білім беру бағдарламаларын жасау, сынақтан өткізу және енгізу;

- оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру, мәдени бұқаралық шаралар өткізу;

- ғылыми – практикалық конференциялар мен семинарларды ұйымдастырып, өткізу.

4. БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНІҢ МАҚСАТЫ, ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

4.1.Білім беру үдерісінің мақсаты:

- Мектепке дейінгі және бастауыш білімнің бірізділігін,үздіксіздігін жүзеге асыру;

- оқушыларға базалық жалпы орта (толық ) білім беру;

- әрбір баланың қабілетін және шығармашылық әлеуетін ашу;

- әрбір оқушыға жеке басының қабілеті мен талабын ескере отырып, білім беру;

- өз бетімен білімін толықтыруға және өзін-өзі дамытуға қажетті жағдай туғызу;

- жеке бағдарламалармен оқуға көшуін енгізе отырып, оқушының жеке басының жан-жақты дамуына (ақыл-ой, адамгершілік гуманитарлық, эмоционалдық, физикалық) жағдай туғызу;

- жеке шығармашылық бағдарламаларды жүзеге асыру, оқушының әр түрлі бағыттағы пәндерді өз бетімен таңдауы әрі оны тереңдетіп оқуы;

- оқушылардың ғылыми жұмыс дағдыларын меңгерулеріне ықпал ету;

- функционалдық сауаттылықты, жоғарғы оқу орнында жетістіктерге жетелейтін сапалы білім мен құзіреттілікті қалыптастыра отырып, жоғары оқу орнына дайындықтың сапалы болуын қамтамасыз ету, жоғары оқу орнына бейімдеу.

4.2. Білім беретін оқу бағдарламаларының түрі, типі:

Білім беретін оқу бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (міндеттеріне) байланысты:

- жалпы білім беретін ( жұмысқа арналған)

- қосымша білім беретін оқу бағдарламалары қолданылады.

Жұмысқа арналған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары сәйкесінше типтік оқу жоспарлары мен типтік оқу бағдарламалары негізінде құрастырылады.

Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеудің міндеттерін шешу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгерудің негізін құруға бағытталған.

Қосымша бағдарламалар Қазақстан Республикасында лицейлердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде қарастырылған қосымша арнайы курстар мен дамыту сабақтарын жүргізу үшін құрастырылады.

Қосымша білім берудің оқу бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыруы, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыруы, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруы үшін жағдайлар жасауды көздейді.

Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына қарай мынадай оқу бағдарламаларына:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

2) бастауыш білім беру

3) негізгі орта білім беру

4) жалпы орта білім беру болып бөлінеді.

Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін эксперимент режимінде (эксперименттік алаңдарда) жұмыс істейтін мектеп-лицейде эксперименттік білім беретін оқу бағдарламалары жүзеге асырылады.

Кіріктірілген білім беретін оқу бағдарламалары мектеп-лицейде білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша құрастырылады.

Білім беру жүйесі берілген лицензияға байланысты барлық білім бағдарламаларын жүзеге асыруға құқылы, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылмаған оқу бағдарламасын жүзеге асыруға тиісті емес.

І саты – 1-4-сыныптар.

Жалпыға міндетті білім беру стандартын және бастауыш білім беру оқу бағдарламаларын пайдалану.

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған. ІІ саты – 5-9-сыныптар Жалпыға міндетті білім беру стандартын және негізгі орта білім беру оқу бағдарламаларын пайдалану. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруіне, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғарғы мәдениетін қалыптастыруына, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады. Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда және бейіндік сыныптарда авторлық және бейімделген бағдарламаларды қолданып, оқытуға болады. ІІІ саты – 10-11-сыныптар Жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті білім беру стандартты бағдарламаларын пайдалану. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың бағдарланатын кәсіпке дейінгі даярлығын жүзеге асыру үшін қоғамдық – гуманитарлық, жаратылыстану – математика, техникалық және басқа да бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып саралау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде құрастырылады. Авторлық және бейімделген бағдарламаларды пайдалану қарастырылған.

5. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕГЕ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ

5.1. КММ-ге Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер және Қазақстан аумағында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады. Мектеп - гимназияға қабылдау бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Типтік ережелері бойынша жүзеге асырылады.

5.2. Жалпы білім беретін сыныптарға оқушыларды қабылдау тәртібі.

Мектеп - гимназия қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балаларды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қабылдауды қамтамасыз ететiн мектепке дейінгі және орта бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртiбi тиісті үлгідегі оқу орындарына қабылдаудың үлгілік қағидалары негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдар бекiтетін қабылдау қағидаларында белгiленедi.

- Мектепалды даярлық сыныбына 5 жастағы және ағымдағы жылы 5 жасқа толатын және 6 жастағы бала қабылданады, ал 1-сыныпқа 6 -7 жастағы балалар ата-анасының арызы және баланың денсаулық жағдайы жөніндегі дәрігерлік қорытынды негізінде қабылданады;

- Оқушыларды бірінші сыныптарға қабылдау жыл сайын ата-аналарынан (заңды өкілдерінен) түскен өтініштер негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты және мектепке қабылдаудың ережесі негізінде жүзеге асырылады.

- Мектеп - гимназиядағы сыныптарда оқушылар санының толықтылығы 1-4-сыныптарда 25 адамнан, ал 5-11 сыныптарда 25 адамнан аспауы керек;

5.3. Оқушыларды мектеп – гимназия сыныптарына қабылдау тәртібі: мектеп-гимназияға қабылдау ережелеріне сәйкес, гимназия аумағында тұратын барлық балаларды оқумен қамтамасыз ететін ережесі белгіленеді.

- Мектеп - гимназияға тұрақты мекен-жайына қарамастан қабылданады;

- Мектеп - гимназия қабылдауды ұйымдастыру үшін мектеп директорының бұйрығымен қабылдау комиссиясы құрылады;

- Негізгі және орта білім беру сатысына азаматтар өз арыздары бойынша қабылданады.

Мектеп - гимназияда оқитын оқушылардың басымдық құқықтары бар.

- Мектеп -гимназияға қабылдау мектеп директорының бұйрығымен рәсімделеді;

- Барлық сыныптарындағы бос орындарға оқу үлгерімі жоғары оқушыларды қабылдау оқу жылы бойы ата-аналардың өтініші бойынша бейініне байланысты жүзеге асырылады.

5.4. Оқушыларды мектеп - гимназияден шығару тәртібі:

Оқушыларды мектеп - гимназияден шығару төмендегі жағдайларда мектеп директорының бұйрығымен жүзеге асырылады:

- ата-анасының (заңды өкілдерінің) тілегі бойынша басқа оқу орындарында немесе оқудың басқа нысанында білімін жалғастыруы;

- 16 жасқа дейінгі балалар заңға қайшы іс-әрекеттері мен Жарғыны бірнеше рет өрескел бұзғаны үшін (спирттік ішімдіктерді, есірткі заттарды пайдалану; темекі (оның ішінде электронды темекі т.б.) тарту; өткір кескіш заттарды, шағын газ баллондарын, пневматикалық қару, шокер және басқа да тыйым салынған заттарды алып жүруі мен қолдануы, төбелесу, қорқыту, жарақаттау; бопсалаушылық; дөрекілік таныту; ұрлық жасау; мектеп мүлкіне әдейі зиян келтіру) білім беруді басқару органдарының шешімі бойынша шығарылады;

- мектеп - гимназия деңгейіндегі білім беру бағдарламаларының орындалмауы, педконсилиумнің оқушының бейіндік оқытудағы қабілетсіздігін анықтауы (мектептің қолдау хаты негізінде қалалық білім беру бөлімінің шешім шығаруы);

- егер түрлі тәрбиелеу шаралары нәтиже бермей, оқушының әрі қарай мектепте қалуы басқа оқушыларға кері әсер ететін болса, мысалы, балалардың құқығы мен білім беру мекемесі қызметкерлерінің құқығы немесе білім беру мекемесінің қалыпты жұмысы бұзылған жағдайда оқушыны мектептен шығаруға болады;

- жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады;

- оқушыларды гимназия сыныбынан жалпы білім беретін сыныптарға ауыстыру немесе шығару оқу үлгерімінің нәтижесі бойынша мектеп-гимназия кеңесінің (педкеңес) шешімімен жүзеге асырылады.

6. БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

6.1. Мектеп - гимназия білім беруді қазақ тілінде жүзеге асырады, сондай-ақ білім беру деңгейіне сай келетін мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес мектеп - гимназиядағы білім алушыларға мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, сондай – ақ орыс тілін және шет тілдерінің бірін оқып үйрететін біліммен қамтамасыз етуі тиіс.

6.2.Мектеп - гимназияда білім беру үрдісін ұйымдастыру Республикалық базистік жоспарға сәйкес жасалып, білім беру ұйымы бекіткен және Орал қалалық білім беру беру бөлімімен келісілген оқу жоспары негізінде жүргізіледі.

6.3.Мектеп - гимназия білім беру үрдісін төмендегідей мектепалды даярлық, I, II, III сатылы білім берудің білім беру бағдарламасы деңгейіне сәйкес жүзеге асырады.

Мектепалды даярлық (нормативті меңгеру кезеңі – 1 жыл).

І саты - (1-4 сыныптар): жалпы білім берудің бастауыш білім беру бағдарламасын меңгеру кезеңі;

ІІ саты - (5-9 сыныптап): жалпы білім берудің негізгі орта білім беру бағдарламасын меңгеру:жалпы білім берудің бейіндік және бейіндік пәндерді тереңдетіп оқытудың бейіналды кезеңі;

ІІІ саты - (10-11 сыныптар): жалпы білім берудің (толық) қоғамдық-гуманитарлық бағыт, жаратылыстану- математика бағыты бойынша білім беру бағдарламасын меңгеру кезеңі.

- Гимназияда профильді оқуға бағытталған жалпы және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыра отырып, оқушылардың деңгейі мен бейініне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдете оқытуды көздейді.

- Мектепалды даярлық сыныбында сабақтың ұзақтығы- 25-30 минут

- Сабақ уақытының ұзақтығы- 40 минут. (Гимназиядағы әр деңгейдегі сабақтардың ұзақтығы, «Санитарлық қағидаларды бекіту» туралы ҚР-сы Денсаулық министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығы негізінде;)

6.4. Негізгі және орта (толық) білім беру бағдарламаларын меңгеру гимназия бітірушілердің міндетті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі белгілеген тәртіппен қорытынды аттестациядан өтумен аяқталады.

6.5.Білім беру бағдарламаларын толық меңгерген оқушылар келесі сыныпқа көшіріледі. Мектеп - гимназия оқушыларын келесі сыныпқа көшіру, аттестациялау, мектеп - гимназияны бітіру Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен нұсқаулықпен анықталады.

6.6. Оқу жылының басталуы және аяқталуы, оқу тоқсандарының, каникулдардың ұзақтығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тиісті нормативтік құжаттарымен анықталады.

6.7.Гимназиядағы оқу жылын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі белгілейді. Оқу аптасының ұзақтығы, сабақ тәртібі мен оның ұзақтығы Білім және ғылым Министрлігі мен санитарлық бақылау органдарының талаптарын ескере отырып белгіленеді.

6.8.Гимназиядағы оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі нысаны сыныптық – сабақ нысаны. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекітетін қашықтан оқытуды ұйымдастыру және экстернат белгіленуі мүмкін.

6.9. Оқу жүктемесі және оқушылармен тәрбиеленушілердің сабақ кестесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, санитарлық-эпидемиялық ережелер мен талаптар, білім мен денсаулық сақтау органдарының нұсқауы мен оқу жоспарлары негізінде дайындалып, бекітілген мектеп ережелері арқылы белгіленеді.

Денсаулық сақтау ұйымдары үнемі оқушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын бақылауды жүзеге асырып, медициналық қызмет көрсетеді. Гимназия медпунктке арнайы бөлме ұсына отырып, оқушыларға алғашқы медициналық-санитарлық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекеме тәрбиеленушілер мен білім алушылардың денсаулығын сақтау мақсатында оларды медициналық қызметпен қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімдер құруға құқылы.

Сабақ кестесін құру кезінде оқушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен демалуына арнайы үзілістер берілуі ескерілуі қажет.

Оқушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануына жағдай жасалады. Тамақтану сапасын бақылау әкімшілік пен Қамқоршылық кеңеске жүктеледі.

6.10. Әрбір сыныптағы пәндер бойынша жүргізілетін оқу-тәрбие үрдісі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған және білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес жасаған оқу және күнтізбелік тақырыптық жоспарлары негізінде құрылады.

6.11. Мемлекеттік мекеме оқушыларға жалпы білім беру бағдарламаларын немесе оның бөлек тарауларын отбасылық білім түрінде, өздігінен білім алу, экстернат және мүмкіндігі шектеулі балаларға қашықтан оқыту формалары арқылы меңгеруіне жағдай жасауға септігін тигізеді

6.12. Денсаулығына байланысты бастауыш, орта және жалпы орта білім беретін ұйымдарға ұзақ мерзімге дейін келе алмайтын азаматтарға үйден тегін жеке оқыту түрі ұйымдастырылады.

6.13. Оқушылардың жалпы білімін тереңдету, сондай-ақ қызығушылықтары мен қабілеттерін жан-жақты дамытуға оқу жоспарына арнайы курстар мен факультативтер енгізіледі, сонымен қатар жекелеген пәндер тереңдетіліп оқылатын сыныптар ашылады. Гимназияда әр сыныбында пәндерді тереңдете оқыту үшін әр сыныпқа 4 сағаттан оқушылардың таңдауы бойынша факультативтер мен қосымша курстарды ұйымдастыруға қаржы бөлінеді. Үйірмелер, студиялар, ғылыми қоғамдастық және т.б. ұйымдастыру үшін мұғалімдерге әрбір сыныпқа 0,25 ставка, сондай–ақ, жоғарғы білікті мамандармен келісім шарт негізінде жеке элективтік курстар мен лекциялар өткізу үшін гимназияға жылына есеппен 1500 сағатқа қаржы бөлінеді. Факультативтік сабақтар және қалауы бойынша курстар топта 10 адамнан кем болмаған жағдайда жүргізіледі.

6.14. Сыныптағы оқушылар саны Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мекемелер туралы ережесіне және жергілікті басқару органдарының шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. Бюджеттік қосымша білім беру \арнайы курстар, факультатив\ топтарындағы оқушылар саны Қазақстан Республикасында гимназияның қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерге сәйкес бекітіледі және 10 адамды құрайды.

6.15. Оқу жоспарының жекелеген пәндерін оқыту Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мекемелер туралы нұсқаулығына және мектеп-гимназияның қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ережеге сәйкес сыныптарды топтарға бөліп жүзеге асырылады.

6.16. Мектеп-гимназия құжаттары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен үлгі нұсқа бойынша жүргізіледі. Жалпы білім беру мекемесінің есебі мемлекеттік статистика ұйымдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

6.17.Мектеп-гимназия жанынан тамақтанатын не тамақтанбайтын күндізгі лагерьмен, еңбек ету мен демалу лагерімен қамтамасыз етуге, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша педагогикалық және басқа да кадрлардан тұратын топтар ұйымдастыруға, осында келуші үшін қажетті материалдық – техникалық және тұрмыстық жағдай жасауға құқылы.

6.18. Бірінші кезекте жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік көмек алуға құқы бар отбасыларының, көп балалы, тұрмыс жағдайы нашар отбасыларының балаларының, экологиялық қолайсыз ауданда тұратын балалардың, мүгедек, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың демалысы мен сауығуын ұйымдастырады.

6.19. Мектеп - гимназия ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жасөспірімдерді демалыс уақыты мезгілінде еңбекпен қамтамасыз етуге, олар үшін жеңіл еңбек бойынша уақытша жұмыс орнын ұйымдастыруға құқылы.

7. БІЛІМДІ АҒЫМДАҒЫ БАҚЫЛАУ, БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ АТТЕСТАТТАУ ЖҮЙЕСІ, ОЛАРДЫ ӨТКІЗУДІҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

7.1. Мектеп - гимназия білім алушылардың білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру, бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды жүзеге асырады. Мектеп - гимназия білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру және оларға аралық аттестаттау жүргізу нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауда дербес болады. Білім беру саласындағы уәкілетті орган білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекітеді.

7.2. Мектеп - гимназияда білім алушылардың білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды жүзеге асырады.

Жалпы білім беру бағдарламасын оқушылардың меңгеруінің ағымдық бақылау пән мұғалімінің жекелей немесе тестілік тапсырмалары, оқушылардың өз беттерімен орындаған еңбектері негізінде өткізіледі. Мектеп - гимназияда аралық бақылау мониторингтік негізде ұйымдастырылады. Мектеп - гимназия әкімшілігі тарапынан әр пән бойынша білім сапасын тексеру жалпы мектептік жоспар бойынша жылына әр сыныпта 2 реттен кем болмауы керек деп белгіленеді. Қорытындысы талқыланып, кемшіліктері әкімшілік тарапынан бақылауға алынады. Аралық бақылау тек тексеру мақсатында ғана емес, сонымен бірге түзету, оқыту сипатында жүзеге асырылады, нәтижесінде оқушылардың даму көрсеткіші бақыланып отырады.

Аралық аттестация қорытындысы бойынша мектеп - гимназияда педагогикалық консилиумдар өткізіліп, әрі қарай оқыту жүйесі, бейіндері талқыланады. Педагогикалық консилиумдардың мерзімі – жылына 3 рет. Педагогикалық консилиум барысында пән мұғалімдері тоқсан бойынша үлгерім нәтижесінде пәндік және жинақтық диагностикалық карталар негізінде әр гимназия сыныбының оқушысының үлгерім сапасына қатысты шешім шығарады. Алқалық талқылау қорытындысы бойынша оқушының әрі қарай дамуы туралы нұсқау, кеңестер беріледі.

Аралық бақылаулар мен көшіру емтихандарын өткізу тәртібі мен формасы мектеп директоры бекіткен жылдық, оқу-күнтізбелік кестелері арқылы белгіленеді.

7.3. Негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

7.4. Жылдың оқу бағдарламасын толық меңгерген, әрі қорытынды бақылаудан сәтті өткен білім алушы келесі сыныпқа көшіріледі, әрі қорытынды аттестациядан сәтті өткендерге мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

7.5. Білім беру ұйымдары кәмелетке толмаған білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата – аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқу және тәрбие үрдісінің барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ білім алушылардың үлгерімімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

8. АҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ТІЗБЕСІ МЕН ТӘРТІБІ

8.1. «Дінмұхамед Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетуге құқылы. Қосымша ақылы білім беру қызметтерін көрсету Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңына сай ұйымдастырылуы керек.

Ақылы білім беру қызмет көрсетудің тізбесі мен тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізіледі және реттеледі. «Дінмұхамед Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақылы қызмет көрсетуден алынған қаражат» деген ағымдағы шотын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

8.2. Ақылы білім беру немесе басқа да ақылы қызметтер оқушылар мен ата-аналардың жазбаша берілген келісімі және мектеп пен ата-аналар бірлестігі туралы келісімшарт негізінде ұсынылады.

Заңды тұлғаларға ақылы білім беру ісі келісім негізінде айтылған төлем жүргізілген соң ұсынылады. Қазақстан Заңнамасына сәйкес жүзеге асыралады.

8.3. Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан түсетін қаражаттың есебін жүргізу, есептілігі және оны бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің нормативтік актілеріне сәйкес жүргізіледі.

8.4. Мектеп -гимназия төмендегідей қосымша ақылы білім беру қызметтерін ұсына алады:

- қосымша білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету;

- пән топтамалары бойынша қосымша арнаулы курстар ұйымдастыру;

- қосымша білім беру бағдарламасы бойынша оқыту (оқу жоспарынан тыс қосымша сабақтарды жеке оқушылармен өткізу);

- пәндерді оқушыларға тереңдетіп оқыту (мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, білім бағдарламасы аясынан тыс білім беру);

- жазғы демалыстар ұйымдастыру бойынша қызметтер ұсыну;

- үйірмелер жұмысын ұйымдастыру (базалық оқу жоспарынан тыс) бойынша қызметтер;

- жалпылама спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, төрелік ету, оқушылар арасында спорттық іс-шаралар өткізу кезінде тамақтануды ұйымдастыру қызметтері;

- басқа да ақылы қызметтер (музыкалық құралдарды пайдаланғаны үшін, оқу-әдістемелік әдебиеттерді таратудан түскен қаражат).

9. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН, ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРМЕН ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІМЕН ҚАТЫНАСТАРЫН РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

9.1. Білім алушыларға және білім алушының заңды өкілдеріне білім беру ұйымының Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензиямен, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымына қабылдау тәртібімен, білім беру ұйымының қызметін реттейтін басқа да құжаттармен танысуға мүмкіндік беріледі.

9.2.Ата-аналар мен оқушылар сыныптың және жалпымектептік ата-аналар жиналыстарында, мектеп-гимназияның сайты беттерінде мектеп Жарғысымен таныстырылады. Мектеп -гимназия мен оқушылардың ата-аналары арасындағы қарым-қатынас бір текті шарт негізінде құрылады. Мектеп-гимназия Жарғысының ережелері оқушыларға хабарламалар түрінде жеткізіледі.

9.3.Қамқоршылық кеңесі арқылы ата-аналар гимназияның білім үдерісін басқару ісіне қатысуына құқылары бар.

9.4.Мектеп - гимназияның ҚР-сы БжҒМ-нің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізіндегі құрылған Қамқоршылық кеңесі бірігіп басқару мәселелерінде, қосымша жобаларды қаражаттандыруда, тәртіп мәселелерінде, оқушылардың демалысын ұйымдастыруда педагогикалық ұжымға көмек береді, мектеп-гимназияның қоғамдық Қоры арқылы денсаулық сақтау бағдарламаларына белсене қатысады.

10. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІ БАСҚАРУ

10.1. Коммуналдық мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) жүзеге асырады. Тиісті саланың уәкілетті органы:

1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысын тағайындау;

2) білім беру мониторингті жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

10.2. Коммуналдық мемлекеттік мекеме құрылтайшысы (жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

2) мемлекеттік мекеме жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

3) мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді;

4) Жергілікті атқарушы орган коммуналдық мемлекеттік мекемеде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды);

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

10.3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен (жергілікті атқарушы орган) қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

10.4. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

10.5. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің жарғысында (ережесінде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

10.6. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;

10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

12) Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық іс-әрекеттерді болдырмауға және оның алдын алу бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуына жауап береді;

11. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ МҮЛКІНІҢ  ҚҰРЫЛУ ТӘРТІБІ

11.1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.

11.2. Коммуналдық мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

11.3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен коммуналдық мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда білім беру, сорт сынағы, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.

11.4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органы бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.

11.5. Коммуналдық мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

11.6. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) жүзеге асырады.

12 БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

12.1. Білім беру үрдісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы», «Еңбек кодексі», «Педагог мәртебесі туралы» Заңы, «Әдеп» кодексі және басқа да нормативті актілермен анықталады.

12.2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:

- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

- білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға;

- оқу жоспарына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;

- өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;

- білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;

- қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына ауысуға;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендерімен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;

- спорт, оқу, акт залдарын, кітапхананы тегін пайдалануға;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;

- өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;

- өзінінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

- оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін ынталандыру, көтермелеуге және сыйақы алуға құқығы бар.

- Даулы мәселе туындаған жағдайда, педагог мәртебесіне нұқсан келген жағдайда мектеп-гимназия ішінен құрылған «Әдеп» кеңесіне және келісім комиссиясына жүгінуіне құқылы;

12.3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға міндетті.

Білім алушы білім ұйымың бекіткен гимназия формасын киюі, сақтауы міндетті. Міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасы классикалық стильде, бірыңғай қою көк түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі.

Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.

Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады.

Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовка, кеды) тұрады. Мектеп формасына классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук тігіледі. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет, галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагог қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнында дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің міндеттерін бұзғаны үшін оларға білім беру ұйымының ішкі тәртібінің ережелерімен және Жарғысымен көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.

12.4. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары:

- баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;

- ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;

- білім беру ұйымдарының өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

- өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық – медициналық – педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;

- балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.

12.5. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:

- балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге; - балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектеп алды даярлығын қамтамасыз етуге; - білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға; - балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті; -білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге; -білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға; -білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.

12.6. Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары: 1) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде кәсіптік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға; 2) лауазымды адамдар және басқа да тұлғалар тарапынан заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғалуға; 3) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан кәсібіне құрметпен қаралуына және тиісінше мінез-құлық көрсетілуіне; 4) кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуге және қажетті жағдайлардың жасалуына; 5) ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыруға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге; 6) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде шығармашылық бастамаға, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеуге және қолдануға, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа, неғұрлым жетілдірілген әдістерін дамытуға және таратуға; 7) білім беру бағдарламасына сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің оқу құралдарын, материалдарын және өзге де құралдарын таңдауға; 8) білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, білім беру қызметінің әдістемелік материалдары мен өзге де құрауыштарын, сондай-ақ оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдарын әзірлеуге қатысуға; 9) жұмыс орны бойынша сайланбалы лауазымға сайлануға және оны атқаруға; 10) білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған, оның ішінде білім беру ұйымының қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға қатысуға; 11) білім беру ұйымын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға; 12) бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыруға; 13) үздіксіз кәсіптік дамуға және біліктілікті арттыру нысандарын таңдауға; 14) біліктілік санатының мерзімінен бұрын берілуіне; 15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке педагогтік қызметке; 16) кәсіптік қызметіндегі табыстары үшін көтермеленуге; 17) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға; 18) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда кәсіптік дағдыларын сақтап-тұру және арттыру үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтуге; 19) өзіне қатысты қабылданатын ұйым басшысының актілеріне, әрекеттеріне, шешімдеріне және келісім комиссиясының қорытындысына қанағаттанбаған жағдайда заң нормаларына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағым жасауға; 20) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне құқығы; 21) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

12.7. Педагогтің міндеттері.1. Педагог: 1) өз қызметінде тиісті кәсіптік құзыреттерді меңгеруге; 2) оқыту мен тәрбиелеудің педагогтік қағидаттарын сақтауға, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге; 3) өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға); 4) педагогтік әдепті сақтауға 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден өтуге; 6) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге; 7) балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге; 8) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға; 9) білім беру ұйымының басшылығына өмірлік қиын жағдайда жүрген баланың анықталу фактілері туралы дереу хабарлауға; 10) құқық қорғау органдарына және білім беру ұйымының басшылығына қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлауға; 11) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне консультация беруге міндетті.

2. Педагог білім беру процесін саяси үгіттеу, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді саяси, діни немесе өзге де сенім-нанымдарды қабылдауға не олардан бас тартуға мәжбүрлеу үшін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік тиесілік белгісі, дінге көзқарасы бойынша азаматтардың ерекшелігін, астамшылығын не кемшіндігін насихаттайтын, оның ішінде білім алушыларға Қазақстан Республикасының ұлттары мен ұлыстарының тарихи, ұлттық, діни және мәдени дәстүрлері туралы анық емес мәліметтерді хабарлау арқылы үгіттеу үшін, сондай-ақ білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануға құқылы емес.

13. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕДЕГІ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

13.1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

14. ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ

14.1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мектеп-гимназияның педагогикалық кеңесімен дайындалып талданады және құрылтайшымен бекітіледі.

14.2. Жарғыға енгізілген өзгертулер мен қосымшалар заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында тіркелген соң күшіне енеді.

 

15.БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ТАРАТУ ТӘРТІБІ

15.1. Мемлекеттік мекеме, қолданыстағы заңнамада бекітілген тәртіппен, басқа білім мекемесіне қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін.

15.2. Коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы оранның шешімі бойынша жүргізіледі.

15.3. Коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

15.4. Білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан айырылған немесе таратылған жағдайда оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымдарына ауыстыруға шаралар қолданады.

15.5. Білім беру ұйымы оның түрін өзгерту жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда, қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда, оның қолда бар білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы және (немесе) лицензиясының қосымшасы қайта рәсімделуге жатады.

15.6.Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдары қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензиар қайта ұйымдастыру жүргізілгенге дейін қайта ұйымдастырылатын білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді.

15.7.Таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) қайта бөледі.

15.8.Таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

 

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Менің блогыма
қош келдіңіздер!

Блогқа өту

Администрация

Зулкашева Шынар Мулкаевна

12-03-2019 Hits:134923 Администрация Super User

Зулкашева Шынар Мулкаевна
Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:132603 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы

12-03-2019 Hits:133859 Администрация Super User

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы
директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Өмірзақ Гүлнұр Жанатқызы

12-03-2019 Hits:41592 Администрация editors

Өмірзақ Гүлнұр Жанатқызы 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Закиева Гулдана Умирзаковна

15-03-2021 Hits:122451 Администрация editors

Закиева Гулдана Умирзаковна
Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары

Read more

Баян Айболат Ерболатұлы

27-09-2023 Hits:135091 Администрация Super User

Баян Айболат Ерболатұлы
мектеп психологы

Read more

Сәрсенова Г.С.

29-09-2023 Hits:42123 Администрация editors

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы
мектеп психологы

Read more

Оралбаева Айшолпан Умарқызы

29-09-2023 Hits:41348 Администрация editors

Оралбаева Айшолпан Умарқызы
Тәлімгер

 

Read more

Байдашева Нургул Болатовна

29-09-2023 Hits:42155 Администрация editors

Байдашева Нургул Болатовна
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Апакаева Венера Турегелдиевна

02-10-2023 Hits:41771 Администрация editors

Апакаева Венера Турегелдиевна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Токсанова Гулмира Мурзатаевна

02-10-2023 Hits:41557 Администрация editors

Токсанова Гулмира Мурзатаевна
педагог- психолог

Read more

Мектеп формасы

Разработчик Torus.kz