"Дінмұхамед Қонаев атындағы
№44
мектеп-гимназиясы" КММ

    

Мәзір

Ұлттық бірыңғай тестілеу

Ұлттық бірыңғай тестілеу 2024

ҰБТ-2023

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ 2022

ЕДИНОЕ НАЦИОНАЛЬНОЕ ТЕСТИРОВАНИЕ - 2022

2021 жылы ҰБТ-ға компьютерлік форматты енгізу туралы 

?️ Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 30 сәуір күні сағат 17:00-де zoom платформасы арқылы "Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушы мектеп бітірушілерді қолдау" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
?️ Мақсаты: ата-аналарды 2020-2021 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу процесі туралы ақпараттандыру, қолдау көрсету.
?️ Ата-аналар жиналысының міндеттері:
▪️ 2020-2021 оқу жылындағы ҰБТ-ны ұйымдастырудың ерекшеліктерін;
▪️ қауіпсіздік шараларын, жеке гигиена ережелерін сақтауын қадағалау;
▪️ ҰБТ процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды түсіндіру.
?️ Ата-аналар жиналысы барысында Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясының директоры Б.С.Тлекенова ата-аналар жиналысының тақырыбы бойынша негізгі мәселелерді баяндап, ата-аналарға ҰБТ қалай ұйымдастырылатыны, санитарлық талаптардың қатаң сақталуы туралы  айтып өтті.
?️ Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Нурекешова
2020-2021 оқу жылындағы ҰБТ-ны ұйымдастырудың ерекшеліктерін, ҰБТ процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды түсіндірді.
?️ Мектеп психологы А.А.Қадыржанова «Ата-аналарға арналған психологиялық кеңестер» туралы айтып, жадынамалармен бөлісті.
✅ ҰБТ бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) кеңес:
ҰБТ-ға қатысушы түлекті қолдауды іске асыру үшін ата-аналарға:
- баланың жүріс-тұрысына жіті мән беру;
- баланың психикалық даму ерекшелігін естен шығармау;
- оны тыңдай алу, сөзіне мән беріп, әңгімені кейінге қалдырмау;
- баланың жеке кеңістігіне қол салмау, шешімдеріне сыйластықпен қарау;
- шамасы келмейтін, өресіне сыймайтын талап қоймау;
- жасөспірімдік кезде болатын өтпелі кезеңде мінез-құлқында гормондық дамуға байланысты болатын өзгерістерді есепке ала отырып, қарым-қатынас жасау;
- баламен қарым-қатынаста жиі түсініспеушілік жайттер орын алатын болса, маманның кеңесіне жүгіну;
- баланың күн тәртібін реттеу, уәждемесін көтеру;
- баланың уақытылы дем алуы;
- оқу материалдарын өз бетімен және педагогтер көмегімен қайталау.
✅ Баланың дайындығына қойылатын арнайы бекітілген талап жоқ, дегенмен сақталуы керек бірқатар ережелер бар:
- күн тәртібін жоспарлап қою;
- уақытты тиімді пайдалану;
- дұрыс тамақтану;
- отбасында жылы, жаймашуақ орта қалыптастыру;
- дене жаттығуын жасату.
- уақытында ұйықтатып, ұйқысын қандыру;
✅ Қолы бос кезде:
- сүйікті ісімен айналысу;
- таза ауада серуендеу;
- үй шаруасына көмектесу;
- өзіне жүктелген міндеттерді атқару;
- кітап оқу;
- достарымен араласу т.с.с.
?️ Тамақтануы, ұйқысы бұзылса, оның себебін анықтау керек. Ол психикалық жарақат салдарынан болуы мүмкін. Жасөспірім шақта белгілі-бір мінез-қырлары айқын көрініс табады, соның салдарынан түрлі қиыншылықтар туындайды. Сондықтан бей-жай қарамаңыз. Қанша уақытқа созылды? Соған мән беріңіз. Егер нақты бір жайт әсер еткеннен кейін үйде қолдау көрсетілсе де оң өзгеріс болмаса, арнайы маманның (психолог, психотерапевт) кеңесіне жүгінген абзал.
✅ Айтылуы тиіс сөздер:
- ҰБТ – бұл  бар болғаны сынақ, ал сынақ нәтижесі әртүрлі болуы мүмкін;
- ҰБТ маңызды сынақ болғанымен де, оның көрсеткіші болашаққа еш кедергі бола алмайды. Өмір тек ҰБТ- дан тұрмайды, осы сәттегі сәтсіздік ол –  уақытша қиындық. Уақытша болғандықтан ол өтеді де кетеді;
- «Бұл баға маңызды болғанымен, ары қарай өмір сүрудің көрсеткіші бола алмайды;
- сені жақсы көреміз. Мен саған сенемін. Сенің бар болғаныңа бақыттымын. Мен өзіңмен мақтанамын, сен біздің тірегімізсің. Кез келген сәтте өзіңмен біргемін;
- өзіңмен ақылдасқым келеді;
- сенің шешіміңді құрметтеймін.

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Менің блогыма
қош келдіңіздер!

Блогқа өту

Администрация

Акдаулетова Кымбат Хабибулловна

12-03-2019 Hits:176532 Администрация Super User

Акдаулетова Кымбат Хабибулловна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:181676 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
Директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Нургазиев Артур Нурболатович

12-03-2019 Hits:93086 Администрация editors

Нургазиев Артур Нурболатович 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Мамыр Абай Рахматуллаевич

15-03-2021 Hits:163467 Администрация editors

Мамыр Абай Рахматуллаевич
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Апакаева Венера Турегелдиевна

02-10-2022 Hits:91572 Администрация editors

Апакаева Венера Турегелдиевна
Директордың ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары

Read more

Баян Айболат Ерболатұлы

27-09-2023 Hits:185012 Администрация Super User

Баян Айболат Ерболатұлы
мектеп психологы

Read more

Сәрсенова Г.С.

29-09-2023 Hits:93117 Администрация editors

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы
мектеп психологы

Read more

Токсанова Гулмира Мурзатаевна

02-10-2023 Hits:91625 Администрация editors

Токсанова Гулмира Мурзатаевна
педагог- психолог

Read more

Койшиева Молдир Дулатовна

24-04-2026 Hits:2877 Администрация editors

Койшиева Молдир Дулатовна

Директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

Read more

Мектеп формасы

Разработчик Torus.kz