"Дінмұхамед Қонаев атындағы
№44
мектеп-гимназиясы" КММ

    

Мәзір

Мектепішілік бақылау

Д.Қонаев атындағы №44 мектеп гимназиясындағы 2021-2022 оқу жылындағы

МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ

8.1. МІБ жоспары

I. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже басшылықтың мектепішілік бақылау өткізу мазмұны мен тәртібін регламенттейді.

1.2. МІБ - білім беру үдерісінің жай-күйін, білім беру ұйымы қызметінің негізгі нәтижелерін диагностикалауға арналған басты ақпарат көзі. МІБ астарында әкімшілік мүшелерінің жетекшілік ету тәртібінде мектеп қызметкерлерінің ҚР, министрліктің, департаменттің, мектептің білім беру саласындағы заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілерді ұстануын қадағалауды өткізу түсініледі.МІБ рәсімдерінен бұрын лауазымдық тұлғаларға МІБ өткізу бойынша нұсқау беру өткізіледі,

1.3. МІБ туралы ереже оған өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құкылы педагогикалык кеңеспен бекітіледі.

1.4. Мақсаты

- Білім беру ұйымы қызметін жетілдіру.

- Мұғалімдердің шеберлігін арттыру.

- Мектепте білім беру сапасын жақсарту.

1.5. Міндеттері:

- білім беру саласындағы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

- заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілерді бұзу және орындамаужағдайларын айқындау, олардың алдын кесу шараларын қолдану;

- бұзулардың негізін құрайтын себептерді талдау, олардың алдын алу бойынша шара қабылдау;

- педагог қызметкерлердің қызмет нәтижелерін талдау және эксперттік бағалау;

- педагогикалық қызмет нәтижелерін зерттеу, білім беру ұйымындағы жағымды және оң өзгерістерді айкындау және осының негізінде педагогикалық тәжірибені тарату және кері тенденцияларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- мектеп бойынша бұйрықтарды және өкімдерді жүзеге асыру нәтижелерін талдау;

- бақылау үдерісінде педагог қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету,

1.6. Аткарымдары:

- ақпараттық-талдамалы;

- бақылаушы-диагностикалык;

- түзетушілік-регулятивтік.

1.7. Мектеп директоры және (немесе) директордың орынбасарлары оның тапсырмасы бойынша немесе сарапшылар қызметкерлер қызметінің келесі нәтижелері бойынша МІБ жүзеге асыруға кұқылы:

- ҚР білім беру саласындағы заңнамасын ұстану;

- білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

- каржылық және материалдық құралдарды нормативтерге сәйкес қолдану;

- білім беру үдерісінде әдістемелік қамтамасыз етуді қолдану;

- бекітілген білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын іске асыру, бекітілген оқу кестелерін сақтау;

- мектеп жарғысын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және өзге жергілікті актілерді сақтау;

- оқушыларды аралық аттестаттаудан өткізу және оқу үлгерімін аралық бақылауды өткізу тәртібін сақтау;

- оқушылардың жекелеген санаттарына қосымша жеңілдіктерді және заңнамамен және жергілікті өзін өзі басқару органының құқықтық актілерімен карастырылған материалдық камтамасыз ету түрлерін уакытында жеткізу;

- мектеп оқушыларының және қызметкерлерінің денсаулығын коргау және нығайту мақсатында коғамдык тамақтану және медициналық мекеме ұйымдары бөлімдерінің жұмыс жасауы;

- мектеп директоры кұзыреттілігінің шеңберіндегі өзге де мәселелер.

1.8. Мұғалім МІБ барысында бағалауда:

-мемлекеттік бағдарламалардың толық көлемде орындалуы (материалдың өтілуі, іс-тәжірибелік, бақылау жұмыстарын, экскурсиялар және т.б. өткізу);

- оқушылардың білім, машық, дағды және даму деңгейі;

- оқушылардың дербестілік деңгейі;

- оқушылардың жалпы оқу машықтарын, зияткерлік дағдыларын меңгеруі;

- оқу үдерісінде оқушыларға сараланған тұрғыдан келу;

- мұғалім мен окушының бірлескен қызметі;

- жағымды эмоционалды шағын ортаның болуы;

- оқу материалының мазмұнын іріктеу машығы (косымша әдебиеті, ақпаратты, иллюстрацияларды және окушылардың білім жүйесін меңгеруіне бағытталған басқа материалды іріктеу);

- педагогикалық жағдайларды талдауға, рефлексияға, педагогикалық қызмет нәтижелерін өзіндік бақылауға қабілеттілігі;

- өз қызметін түзету машығы;

- өз тәжірибесін жалпылау машығы;

- өзіндік даму жоспарын кұрастыру және жүзеге асыру машығы ескеріледі.

1.9. Мұғалімнің қызметін бақылау әдістері:

- сауалнама алу;

- тестілеу:

- әлеуметтік сауалдама;

- мониторинг;

- кадағалау:

- кұжаттамамен танысу;

- сабактың өзіндік талдауын зерделеу;

- оқушылардың қызметі туралы әңгімелесу;

- окушылардың оку қызметінің нәтижелерін талкылау.

1.10. Оқу кызметінің нәтижелерін бақылау әдістері:

- кадағалау;

- ауызша сауалнама; жазбаша сауалнама;

- білімді жазбаша тексеру (бақылау жұмысы);

- кұрамдас тексеру;

- әңгімелесу, сауалнама алу, тестілеу;

- кұжаттаманы тексеру.

1.11. МІБ жоспарлы немесе жедел тексерулер, мониторинг түрінде, әкімшілік жұмыстар өткізу арқылы жүзеге асырылады.

- Жоспарлы тексеру түріндегі МІБ бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүзеге асырылады, ол мерзімділікті қамтамасыз етеді және тексерулерді ұйымдастырғанда ұтымсыз қайталамаларды жояды. Жоспар оқу жылының басында педагогикалық кеңес мүшелеріне тапсырылады.

- Жедел тексерулер түріндегі МІБ окушылардың және олардың ата-аналарының немесе өзге азаматтардың және ұйымдардың жүгінімдерінде көрсетілген бұзу деректерін анықтау, бұзулар туралы деректерді тексеру мақсатында, сондай-ақ білім беру үдерісі мүшелеріне қатысты жанжалды жағдайларды реттеу мақсатында жүзеге асырылады.

- Мониторинг түріндегі МІБ білім беру сапасын басқару міндеттерін тиімді шешу үшін ұйым туралы және білім беру үдерісінің нәтижелері туралы акпарат жинауды, жүйелі есепке алуды, өңдеуді және талдауды қарастырады (оқушылардың денсаулық жағдайы, тамақтануды ұйымдастыру, режімді орындау, атқарушылық тәртіп, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, педагогикалық шеберлік диагностикасы және т.б.).

- Әкімшілік жұмыс түріндегі МІБ-ды мектеп директоры немесе оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқу үлгерімін ағымдық бақылау шенберінде оқу сәттілігін тексеру мақсатында және оқушыларды аралық аттестаттау мақсатында жүзеге асырады.

1.12. МІБ түрлері:

- алдын ала - алдын ала таныстыру;

- ағымдық - оқу-тәрбие үдерісін тікелей қадағалау;

- қорытынды - мектептің және педагогтардың тоқсандық, жартыжылдық, оқу жылындағы жұмыс нәтижелерін зерттеу.

1.13. МІБ нысандары:

- дербес;

- тақырыптық;

- сыныптык-жалпылаушы;

- кешендік.

Бастауыш сынып бойынша мектепішілік бақылау жоспары 2023-2024 оқу жылы

Бастауыш сынып бойынша мектепішілік бақылау жоспары 2022-2023 оқу жылы

МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ ЖОСПАРЫ 2022-2023

МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ ЖОСПАРЫ 2021-2022

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Менің блогыма
қош келдіңіздер!

Блогқа өту

Администрация

Зулкашева Шынар Мулкаевна

12-03-2019 Hits:133031 Администрация Super User

Зулкашева Шынар Мулкаевна
Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:130865 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы

12-03-2019 Hits:132054 Администрация Super User

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы
директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Өмірзақ Гүлнұр Жанатқызы

12-03-2019 Hits:39946 Администрация editors

Өмірзақ Гүлнұр Жанатқызы 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Закиева Гулдана Умирзаковна

15-03-2021 Hits:120732 Администрация editors

Закиева Гулдана Умирзаковна
Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары

Read more

Баян Айболат Ерболатұлы

27-09-2023 Hits:133292 Администрация Super User

Баян Айболат Ерболатұлы
мектеп психологы

Read more

Сәрсенова Г.С.

29-09-2023 Hits:40433 Администрация editors

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы
мектеп психологы

Read more

Оралбаева Айшолпан Умарқызы

29-09-2023 Hits:39689 Администрация editors

Оралбаева Айшолпан Умарқызы
Тәлімгер

 

Read more

Байдашева Нургул Болатовна

29-09-2023 Hits:40465 Администрация editors

Байдашева Нургул Болатовна
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Апакаева Венера Турегелдиевна

02-10-2023 Hits:40097 Администрация editors

Апакаева Венера Турегелдиевна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Токсанова Гулмира Мурзатаевна

02-10-2023 Hits:39926 Администрация editors

Токсанова Гулмира Мурзатаевна
педагог- психолог

Read more

Мектеп формасы

Разработчик Torus.kz