"Дінмұхамед Қонаев атындағы
№44
мектеп-гимназиясы" КММ

    

Мәзір

“Үлкендер жолы - ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып” атты кездесу кеші

?Дінмұхамед Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай “Жас мамандар” мектебінің жетекшісі Дария Уахитқызы мен жас мамандардың ұйымдастыруымен “Үлкендер жолы - ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып” атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешінің басты кейіпкерлері жалпы еңбек өтілі тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген, 30 жылдай еңбек өтілі бар, шәкірттері талай додалардың биік шыңын бағындырған мектеп-гимназияның ұлағатты ұстаздары Алия Кабдрахимовна, Мая Қанатқалиқызы, Нүргүл Болатқызы, Гүлбану Маратқызы болды.
 
Кездесу кеші барысында ұстаздардың құрметіне әсем ән айтылып, күмбірлеген күй тартылды. 1989-1991 жылдардағы қиыншылық кезең көрінісін бейнелейтін бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар мектебімізде биылғы оқу жылынан бастап жұмыс жасап келе жатқан жас мамандарымыз да мәртебелі ұстаздардан үйренеріміз көп деп қатысып, ұлағатты ұстаздарға түрлі бағытта сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Ұлағатты ұстаздар мен жас мамандар сол бір қиыншылық жылдардың, қазіргі кездің хит әндерін бірге шырқап, қызықты ойын ойнап, тамаша көңіл-күймен кездесу кешіне белсене қатысты. 
 
?Әлемнің екінші ұстазы - Әл-Фараби бабамыз: “Ұстаз жаратылысынан өзіне атылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек” - деген екен. Осындай ұлағатты ұстаздарымызға кеш соңында сый-құрмет көрсетілді. Ал кешіміздің кейіпкерлері мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Набиуллақызы жас мамандардың ұстаздық жолдарына сәттілік тілеп, ақ баталарын беріп, “Жас мамандар” мектебіне алғыстарын жаудырды.

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Менің блогыма
қош келдіңіздер!

Блогқа өту

Администрация

Акдаулетова Кымбат Хабибулловна

12-03-2019 Hits:180861 Администрация Super User

Акдаулетова Кымбат Хабибулловна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:186049 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
Директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Нургазиев Артур Нурболатович

12-03-2019 Hits:97952 Администрация editors

Нургазиев Артур Нурболатович 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Мамыр Абай Рахматуллаевич

15-03-2021 Hits:167386 Администрация editors

Мамыр Абай Рахматуллаевич
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Апакаева Венера Турегелдиевна

02-10-2022 Hits:96178 Администрация editors

Апакаева Венера Турегелдиевна
Директордың ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары

Read more

Баян Айболат Ерболатұлы

27-09-2023 Hits:189497 Администрация Super User

Баян Айболат Ерболатұлы
мектеп психологы

Read more

Сәрсенова Г.С.

29-09-2023 Hits:97956 Администрация editors

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы
мектеп психологы

Read more

Токсанова Гулмира Мурзатаевна

02-10-2023 Hits:96239 Администрация editors

Токсанова Гулмира Мурзатаевна
педагог- психолог

Read more

Койшиева Молдир Дулатовна

24-04-2026 Hits:8691 Администрация editors

Койшиева Молдир Дулатовна

Директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

Read more

Мектеп формасы

Разработчик Torus.kz