Ел мен елді, халықпен халықты теңестіретін нәрсе, ол – білім» -деп ұлы тұлға М. Әуезов айтып кеткендей, білім – бұл қоғамның ең жауапты, ең қастерлі саласы. Оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыру талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан - жақты білімінен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен және сол әдістерді тиімде пайдалануымен өлшенеді. Тәжірибе алмасу арқылы шеберлігіміз шыңдала береді. Ал мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі - Lesson Study. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім- біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. 1-ші оқу тоқсаныннан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің пән мұғалімдері бірігіп, осы әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында, яғни Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап, қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі мұғалімдері: Г.М.Куангалиева, Ж.У.Шамбилова, С.Б.Аминова, А.Қ.Бақытжанова, С.Д.Мәлік, Г.Б.Мухангалиева, Сүйншева Н.А, Қойшиева М.Д құралған топ құрылды. Зерттеу сабақтарын бірлесе жоспарлау, өткізу, өзгерістер енгізу, сабақты талқылау арқылы стратегияның тиімділігін оқушы үнін ескере отырып бағамдау баспалдақтарының іс- тәжірибені жетілдірудегі маңызын түйсіндік.
Lesson Study үрдісінің ұйымдастырылуына жауапты МГ директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары В.Т.Апакаева басшылық жасап, әр сабақтан кейінгі талдау барысында фокус топпен бірге өз ұсынысы мен кеңесін ортаға салып отырды.
Сабақтағы іс – әрекетті зерттеу мәселесін шешуде «Интербелсенді тәсілдер арқылы оқушылардың сөйлеу әрекетін жетілдіре аламыз ба?»- деген зерттеу сұрағын басшылыққа алдық.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Интербелсенді тәсілдер арқылы оқушылардың сөйлеу әрекетін жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:оқушылардың өз ойын жеткізуде сөйлеу қабілеттері,сөздік қоры артады;
Зерттеу сабағын өткізетін 5 «З» сыныпты анықтап, пән мұғалімі Назерке Әлібекқызының тізбектелген төрт сабағын жоспарладық.
Іс-әрекетті зерттеуде барлығы оңай болған жоқ, кедергілер де кездесті. Сол кедергілерді зерделей келе, мүмкіндіктерді қарастырдық. Қысқа мерзімді жоспарды құрғанда әр тапсырманың мақсатқа сай сауатты құрылу қажеттігін анықтадық. Тізбектелген төрт сабақта мақсатымызға толық жету, әрине, мүмкін емес. Зерттеу барысында жүргізілген саралау, зерделеу жұмыстары жалғастырылады, дегенмен, 3,4- сабақтарда оқушылардың белсенділіктері артқанын, өз ойларын жүйелі жеткізуге тырысып,жауап бергендерін байқап, фокус топтың еңбегі еш кетпегеніне қуандық.
Топтық жұмыстарда тапсырмаларды сауатты құрып, әр түрлі деңгейде түрлендіріп берсе, оқушылардың да сөйлеу әрекеті артады деп ойлаймын.
Модератор: Куангалиева Г.М.




















