2020-2021 оқу жылында мектеп әкімшілігінің ұйғаруымен көшбасшы мұғалімдер арқылы командалық топтар құру ұсынысы қолға алынды. Ол үшін алдымен ұжым ішіндегі мұғалімдер арасынан жұмыс сапасы жоғары, жетістіктерімен алда жүрген, артынан мұғалімдерді ілестіре алатын көшбасшы мұғалімдер анықталды. Содан кейін ұжым мүшелеріне гугл форма арқылы өз көшбасшысын таңдау ұсынылды. Бұл ретте бір ерекшелік – таңдау мұғалімдердің өздеріне берілді, кімнен үйренгісі келеді, кіммен қызығушылықтары ортақ немесе байланыста болғысы келеді. Осылайша 20-25 мұғалімнен тұратын 7 командалық топ құрылды, «Заманауи мұғалім – заманауи қоғам» деген жоба бастау алды.
Жобаның мақсат-міндеттері белгіленді.
Мақсаты: ынтымақтастық орта құру арқылы мұғалімдердің кәсіби өсуіне жағдай жасау.
Міндеті:
- шығармашылықпен жұмыстанатын ұжым қалыптастыру;
- инновациялық орта құру;
- жас ұстаздарға әдістемелік қолдау көрсету, тәжірибе алмасу.
2021-2022 оқу жылы бұл жоба жалғасын тауып, көшбасшылар 1 топпен бір тақырып аясында жұмыстанды, мұғалімдер 8 оқыту семинарына қатысып білімдерін жетілдірсе, 2022-2023 оқу жылы мектептің 182 мұғалімін 8 топқа бөліп, 8 көшбасшы өзіне жақын бір тақырыпты таңдады. Аптаның әр бейсенбісі оқу күні болып белгіленді, әр топ «Kарусель» әдісімен алмасып отырады. Оқыту тренингтері өзекті мәселені қарастыруға, кәсіби диалог арқылы шешім шығаруға, интерактив түрінде тәжірибе бөлісу бағытында ұйымдастырылады. Көшбасшы ұстаздар жетекші рөлінде оқу ортасын ұйымдастырса, мұғалімдер белсенді қатысушы болып, кәсіби өсу қызметіне жауапкершілікті алуда.
Жобаның бағыттары:
Мектеп директоры Тлекенова Бибигуль Сауровна, «Мұғалімнің құндылықтарға негізделген білім берудегі ресурсы».
Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Зулкашева Шынар Мулкайевна, «4К дағдыларын дамытуға бағытталған сабақтарды құру».
Көшбасшы мұғалім, педагог-зерттеуші, облыстық тренер Мурзашева Айымгүл Сансызбаевна, «Қазіргі сабақты жоспарлау».
Көшбасшы мұғалім, педагог-шебер, облыстық тренер Жаннатова Айжан Климовна, «Инклюзивті білім беру идеялары».
Көшбасшы мұғалім, педагог-зерттеуші, «Эмоционалды интеллект және көшбасшылық арасындағы байланыс».
Көшбасшы мұғалім, педагог-сарапшы, Нурмуханбетова Дария Уахитовна, «Оқу мен оқытуды жетілдіруде цифрлік кеңістік».
Көшбасшы мұғалім, педагог-сарапшы Имангалиева Айкоркем Тлеккалиевна, «Жобалап оқыту технологиясын мектеп практикасында қолдану».
Көшбасшы мұғалім, педагог-зерттеуші Шамбилова Жансила Омирзаковна, «Бағалау – оқу мен оқытудың маңызды бөлігі».
Жобаның 2 кезеңінде топтардан кері байланыс алынып, әр топ кезегі анықталып, топ басшыларына мұғалімдер тәжірибесін көрсетуді ұйымдастыру тапсырылды.
Жоба жұмыстарына барлық топ ұстаздары белсене қатысып, жоспарға сай барлық шаралар уақытылы өтуде, қорытындылары және өту барысы мектептің әлеуметтік беттерінде жариялануда.
«Заманауи мұғалім – заманауи қоғам» жобасының 2022-2023 оқу жылына арналған жоспары
№ |
Жоба кезеңі |
Іс шара |
Мерзімі
|
Күтілетін нәтиже |
Жауапты |
І |
Дайындық кезеңі |
Жобаға қатысушылармен кездесу. Жобаға қатысушыларды бір-бірімен таныстыру. Жобаның мақсатын бірлесе анықтау. Бір-біріне көмекші дос тағайындау. |
қыркүйек |
Проблемалар анықталады. Ортақ қағидалар анықталады. |
Мектеп әкімшілігі және көшбасшы ұстаздар командасы |
|
|
Көшбасшылар құрамын жаңарту, жұмыс бағытын анықтау |
қыркүйек |
Жоспар |
Мектеп әкімшілігі және көшбасшы ұстаздар командасы |
ІІ |
Жоспарлау кезеңі |
Мұғалімдерді көшбасшылардың жаңа жұмыс бағытымен таныстыру. Жарнама |
қазан |
Әдістемелік кеңес Көшбасшылар тақырыбымен, тренинг мазмұнымен таныстырады |
Мектеп әкімшілігі және көшбасшы ұстаздар командасы |
Көшбасшыларды анықтау - мұғалімдердің дауыс беруі - мұғалімдерге сауалнама |
Топтар анықталады Мұғалімдердің қажеттіліктері анықталады |
Мектеп әкімшілігі және көшбасшы ұстаздар командасы |
|||
Топтарды анықтау |
Мұғалімдер 8 топқа бөлінеді Көшбасшы ұстаздардың командалары құрылады |
Мектеп әкімшілігі және көшбасшы ұстаздар командасы |
|||
Жобаның бағыттары:
|
Көшбасшы ұстаздар командасы құрылады |
Мектеп әкімшілігі және көшбасшы ұстаздар командасы |
|||
ІІІ |
Орындау кезеңі |
1. «Мұғалімнің құндылықтарға негізделген білім берудегі ресурсы» мектеп директоры Тлекенова Б.С 2. «4К дағдыларын дамытуға бағытталған сабақтарды құру және өткізу» ӘЖО Зулкашева Ш.М 3. «Қазіргі сабақты жоспарлау» көшбасшы мұғалім, педагог-зерттеуші, облыстық тренер Мурзашева А.С 4. «Оқу мен оқытуды жетілдіруде цифрлік кеңістік» көшбасшы мұғалім Нурмуханбетова Д.У 5. «Эмоционалды интеллект және көшбасшылық арасындағы байланыс» көшбасшы мұғалім Ахметова З.Е 6. «Инклюзивті білім беру идеялары» көшбасшы мұғалім, педагог-шебер, облыстық тренер Жаннатова А.К 7. «Жобалап оқыту технологиясын мектеп практикасында қолдану» көшбасшы мұғалім Имангалиева А.Т 8. «Бағалау – оқу мен оқытудың маңызды бөлігі» көшбасшы мұғалім, педагог-зерттеуші Шамбилова Ж.Т |
Қараша 10.11
17.11
24.11
Желтоқсан 1.12
8.12
15.12
22.12
29.12 |
«Карусель» әдісімен топтар әр бейсінбіде алмасады |
|
|
|
Топтардан керібайланыс Топтар тәжірибесімен танысу үшін кезекті таңдау |
қаңтар |
Кесте құрылады |
Мектеп әкімшілігі Көшбасшы ұстаздар Топ басшылары Пән мұғалімдері |
|
|
Топтағы мұғалімдердің тәжірибесінің таныстырылымы |
Ақпан Әр айдың бейсенбі – оқу күні |
Бейнебаян Әдістемелік карусель Фото, видео дәлелдемелер, керібайланыстар |
Көшбасшы ұстаздар Топ басшылары Пән мұғалімдері |
|
|
Бейсенбілік оқу күні – тәжірибе алмасу |
Наурыз |
Айналмалы бекеттер Ұшақпен саяхат Фото, видео дәлелдемелер, керібайланыстар |
Көшбасшы ұстаздар Топ басшылары Пән мұғалімдері |
|
|
Топтардың таныныстырылымы |
Сәуір |
Тимбилдинг Кинозал Фото, видео дәлелдемелер, керібайланыстар |
Көшбасшы ұстаздар Топ басшылары Пән мұғалімдері
|
|
|
Топтардың таныныстырылымы |
Мамыр
|
Педагогикалық жәрмеңке Әдістемелік арал Фото, видео дәлелдемелер, керібайланыстар |
Көшбасшы ұстаздар Топ басшылары Пән мұғалімдері
|
ІV |
Жобаны бақылау |
Жобаның жүзеге асу процесін бақылау, қолдау көрсету |
Жыл бойы |
Бақылау, сұхбат, сауалнама |
Сарапшылар тобы |
|
|
Жобаның нәтижелерін шығару |
Сәуір |
Сауалнама, сарапшылар пікірі |
Пән мұғалімдері |
V |
Жобаны аяқтау |
Қорытындылау Көшбасшыларды ынталандыру |
Мамыр |
Таныстырылым Марапаттау |
Пән мұғалімдері Сарапшылар тобы |
|
|
Жобаны қорытындылау |
Мамыр
|
Сауалнама, рефлексиялық беттер, әлеуметтік парақшаларда жариялау, тәжірибе бөлісу бойынша жинақ шығару |
Мектеп әкімшілігі |