Желілік қоғамдастықтың мақсаты негізінде мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін дамыту бойынша 2021-2022 оқу жылы біздің мектеппен №33, №4, №49, №50, №37, Серебряково ЖООББМ мектептер арасында кәсіби байланыс орнатылды. Оқу жылы ішінде мектеп педагогтері түрлі шараларға қатысып, педагогикалық мәселелерді шешуде тоқсан сайын бір мектепте бас қосып педагогтерге бағытталған жұмыстарға белсене қатысты:
№4 ЖОББМ «Функциналдық сауаттылық» тақырыбында екі күндік семинарға математика пәні мұғалімдері Нурмуханбетова Д.У, Каюбалиева Г.Т, Ахметова С.Б қатысты.
№37 ЖОББМ ұйымдастырылған «Жиынтық бағалау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру және өткізу жолдары» семинарға қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Мәлік Саягүл қатысты.
Серебряково ЖОББМ үштілділік бойынша семинарға Урбисенова А.К барды.
№37 ЖОББМ ұйымдастырылған «Критериальное оценивание учебных достижений учащихся на уроках русского языка и литературы» тақырыбындағы шараға мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Тулегенова Э.С, Татенова А.С қатысты.
№37 ЖОББМ ұйымдастырылған «Ағылшын тілі сабақтарында АҚТ пайдаланудың тиімді жолдары» семинарына мектебімізден және ағылшын тілі пәні мұғалімі Утепова Е.К қатысты.
№37 ЖОББМ өткізген «Қоғамдық пәндерді меңгертуде оқушыларды зерттеушілік-ізденушілік жұмыстарға баулу» семинарында тарих пәні мұғалімі Хамзин Ж.К «Тарих сабақтарында оқушылардың қажеттіліктері бойынша оқыту арқылы зерттеушілік дағдыларын арттыру» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.
№33 мектепте жас ұстаздарға арналған шаралар ұйымдастырылды. Жастар отырысына биология пәні мұғалімі Ахмедуллина А.Б қатысты.
№37 мектепте «Білім алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындалудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында «Ұлағат » желілік қауымдастығының ұйымдастыруымен семинар өткізіліп, біздің мектептен «Химия пәнінен мемлекеттік қорытынды аттестаттау тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады. Қатысушы ретінде география пәні бойынша В.Апакаева, биология пәні бойынша А.Имангалиева да қатысып, тәжірибе алмасуға қатысты.
Шараларға қатысқан мұғалімдер арасында жағымды қарым-қатынас орнады, озық тәжірибелермен алмасу орын алды, ортақ мәселелерді бірігіп шешу іске асты деп айтуға болады.