?Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясының жылдық жоспарына сәйкес тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен ұстаздар күніне орай өткізілетін «Ұстаз бен шәкірт» тақырыбындағы апталық аясында «Ұстаз деген мәртебелі ұлы есім» атты 5-11 сыныптардың саптық жиынында ұстаздарға арналып өлеңдер оқылды.
?Шын жүректен шыққан әр өлең жолдары жүректерді тебірентіп, апталықтың басталуында оқушыларға ерекше сезім, талпыныс, шабыт сыйлай білді.
?Әрдайым ұстаздарымыздың мәртебесі асқақтап, абыройлары арта берсін! Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен барша ұстаздарды құттықтаймыз. ?















