Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының 2024-2025 оқу жылында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Әділдік және жауапкершілік» құндылығын дәріптеу мақсатында Қараша - «Әділдік және жауапкершілік» айының 25-і күні 6-сыныптың ата-аналарымен «Баланың тұлғалық дамуына тарихи тұлғалардың әсері» атты тақырыпта құндылық сағаты өтті.
🟣Мақсаты:
-қазақ елінің біртуар азаматы Д.А.Қонаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру;
-кемеңгер тұлғаның мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін үлгі ету.
🟣Құндылық сағат барысында мектеп психологы Баян.А.Е. ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін насихаттай отырып, кемеңгер тұлғаның кемел бейнесін өзінің нақыл сөздері арқылы ата-аналарға ой салды.