Мақсаты: Баланы мектепке психологиялық дайындау, ата -аналарға психологиялық кеңестер беріп, қолдау көрсету.
Бала психологиялық дайын болмауынан баланың жылау, еркелік, эмоциялық тұрақсыздығын көре аламыз.
Сонымен, баланың мектепке дайындығы дегенді қалай түсіндіруге болады? Ол қажет пе?
Мектепке дайындықтың ең маңызды компоненттерін мына 4 бағытқа бөлеміз.
1. Физиологиялық дайындық
2. Психологиялық дайындық
3. Педагогикалық дайындық
4. Сөйлеу тілінің дайындығы
Физиологиялық дайындығы дегеніміз-баланың мектепке баратын жасы.
Психологиялық дайындығы-баланың құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас құра білу қабілеті. «Менің» кішірейтіп, бағынуға жол беруге, күте тұруға дағдылануы керек екені түсінуі.
Баланың интеллектуалдық дайындығы-мектептегі білімді, яғни оқып, санау мен жазуды жақсы меңгеру үшін баланың танымдық қабілетінің даму деңгейі арттыру.
Баланың мотивациялық дайындығы-бұл баланың оқуға деген ынтасының және қызығушылығының болуы. Ата-ана тарапынан әңгемелесу, эскурсия, танымдық мектеп туралы мультиктер көрсетіп баланың мектепке деген қызушылығын арттыруы, олардың мектеп туралы жақсы ой қалыптастыру.
Кеңес:
-Мектеппен қорқыту арқылы тәрбиелемеңіз.
-Баланың қабілетін ескеріңіз. Тым жоғары талаптар қоймаңыз.
-Бағдарлама бойынша баланы дайындаңыз.
-Бір жұмысты аяғына дейін жеткізуді үйретіңіз.
Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық және физиологиялық жағынан да қиын кезең. Мектеп өмірі баладан эмоционалдық тұрақтылықты талап етеді. Әсіресе ерке балалар мұғалімнің ескертулерін ауыр қабылдайды, яғни мектепке барудан бас тартады және т.б. әрекеттер арқылы көрсетеді. Мектепке дайын емес баланы жиі мадақтап, оқуда баланың табысқа жетуді жағдайын тудыру қажет.
Баланың мектепке дайындығы күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден-бір жолы- ата-ананың, тәрбиешінің және психологтың бірігіп жұмыс жасауы.
Педагог- психолог: Г.М.Токсанова