Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Абай Құнанбаев
⚜ «Өзіңді - өзің тану үшін кітап керек, өзгені тану үшін де кітап керек» депті атақты авар ақыны Р. Гамзатов. Адам айнаға қарап, бет-жүзіндегі өзгерістерді көретіні сияқты кітап арқылы да жаңа әлемді таниды. Басқа бір елдің, қоғамдық міндетін, тілін, дінін, тұрмысын, салт-дәстүрін біледі. Кітап - рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу - тәрбие құралы. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» - деп Абай Құнанбаев атамыз айтпақшы, адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап, өмірінің соңына дейін сырлас досы бола алады. ⚜
⚜ Құрметті Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясының ұстаздары, ата-аналары және оқушылары!!!
📢 Сіздерді Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясының белсенді ата-аналарының бірі, А.С.Пушкин атындағы орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Бекешева Торғын Болатқызы кітап оқуға шақырады!!! 🤗
🏛 Кітапхана Оқушылар сарайы ғимаратында орналасқан. ⚜
#Оралқаласы #44мектепгимназиясы @edu_news_qz @bqobilim @batys_kz @uralskakimat @oral_bilim @abat_shynybekov @oral_ovp @up_uralsk