44 мектеп-гимназиясында отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата-анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру мақсатында 6 қыркүйектен бастап 1-11-сынып оқушылары арасында "Отбасы - бақыт мекені" атты апталық өтуде.
1-4-сыныптар - "Мен отбасыммен бақыттымын" тақырыбында сурет салу байқауы;
5-8-сыныптар - "Отбасы өнегесі - Отан өнегесі" тақырыбында өлең шығару байқауы;
5-8-сыныптар - "Отбасыммен өткізген жазғы демалыс" тақырыбында қабырға газеті байқауы;
9-11-сыныптар - "Отбасы - тәрбие бастауы" тақырыбында шығарма байқауы;
#БҚО #44schoolgymnasium #gymnasium #Batys