Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында «Өзін-өзі тану» пәнінен «Өзін-өзі тану – шығармашылық және махаббат педагогикасы» тақырыбындағы онкүндік жоспары бойынша 2-4 сыныптарда «Жақсы тілек тілеймін!» (лента тағу) акциясы жүзеге асырылды. Апталыққа бастауыш сынып оқушылары жоспарлы түрде қызығушылықпен қатыса білді. 👍🤗
❤ Жас өскелең ұрпақтың рухани дамуын жетілдіріп, олардың ізгілікке жетелеуде «Өзін-өзі тану» пәні маңызды рөл атқарады. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы берілетін рухани адамгершілік білім негіздері адамдар арасындағы жарасымды қарым-қатынасқа сай бақытты өмір сүруді қалайтын, қоршаған табиғи ортаны сақтауға мүдделі, өмірде кездесетін әр түрлі жағдаяттарда өзіндік көзқарастары мен дүниетанымы қалыптасқан болашақ ұрпақтың жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Жоспарға сай өткен әр шарадан оқушылардың алған әсерлері тамаша болды. 👍❤👭👬
❤ «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны адамның өзін-өзі танып, өзін-өзі жетілдіруіне игі ықпалын тигізетін, адамгершілік қасиеттердің дара тұлғаны дамытудың мәні. Гуманист-педагог Я.Корчактың сөзімен айтқанда «Оқушыны ең алдымен көруге, түсінуге және сүюге үйрету қажет, оқуға үйрету одан кейін келеді». Ақиқатында егер оқу мен тәрбие процесі үйлесімді ұштасқанда ғана шәкірттеріміз жеке тұлға ретінде дамитын болады. Балалардың жақсы жолда дамуына үлес қосып жүрген мұғалімдеріміздің бұл жұмыстары әлі жалғасын таба береді. 👏👏👍✊✊
#ӨзінӨзіТану #ӨзінӨзіТану44 #OzinOziTanu44 #OzinOziTanu #Оралқаласы #44мектепгимназиясы @edu_news_qz @bqobilim @batys_kz @uralskakimat @oral_bilim @abat_shynybekov @oral_ovp @up_uralsk