💻 Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 22 қаңтар күні сағат 18:00-де ZOOM, YOU TUBE платформалары арқылы педагогикалық кеңес өтті.
▶️ Педагогикалық кеңестің бірінші бөлімінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Нурекешова 2020-2021 оқу жылының 2-тоқсаны бойынша білім сапасын талдап, ескертулер айтса, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Л.С.Дюсенбаева 2-тоқсандағы мектеп мұғалімдерінің әдістемелік жұмыстары жөніндегі жұмыстарымен бөлісіп, ұсыныстар білдірді.
📳 Мектеп директоры Б.С.Тлекенова "Адами капиталды дамыту және қолдану - кәсіби шеберлікті арттыру мен табысқа жетудің кепілі" тақырыбында педагогикалық кеңестің 2-бөлімі бойынша ұжым мүшелерін платформа арқылы 4 топқа бөліп, керемет жұмыстардың атқарылуына себепші болды.
Мақсаты: Мектеп ұжымына адами капитал туралы түсінік бере отырып, әр тұлғаның өзіндік капиталын дамытуына ой салу, тәжірибеде қолдануға бағыттау.
🔰 Топтарға берілген тапсырмалар:
➡️ 1-топ: "Адами капитал дегеніміз не?";
➡️ 2-топ: "Капиталымды не үшін толтырамын?";
➡️ 3-топ: "Капиталымды толтыру үшін не қажет?";
➡️ 4-топ: "Капиталымды толтыру неге жеткізеді?".
🖥 Топтық жұмыс кезінде әр топ платформадағы бөлек аудиторияларда арнайы модераторлар тағайындап, пікір алмасып, берілген тапсырмаларды ауызбіршілікте тез, әрі толық орындап, кейін ұжым мүшелерімен бөлісті 👏👍.
Педагогикалық кеңес соңында 2 бөлім де қорытындыланып, рефлексия жасалып, 3-тоқсанға керемет ұсыныстар айтылды. 💼👍🗑
♻️ Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеуде өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Сәттілік! ✊✊✊✊✊💯
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы #педагогикалықкеңес2тоқсандықорытындылау @edu_news_qz @bqobilim @batys_kz @uralskakimat @oral_bilim @abat_shynybekov @oral_ovp @up_uralsk