Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 30 қараша - 5 желтоқсан аралығында 9-11 сынып оқушылары арасында Тұңғыш Президент күніне орай «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмін талқылау бойынша мектепішілік қашықтық эссе байқауы оздырылды.
Байқауды мақсаттары:
📕 Жастарды патриоттық тәрбиемен сусындатып, оларды егемен еліміздің ертеңгі тұтқасы болуға дайындау;
📘 Егемендіктің мән-маңызы туралы мағлұматтармен танысу;
📗 Тәуелсіздік үшін жан қиған аталар мен апалардың ерлігін үлгі тұта отырып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
🏅Байқау қорытындысы:
1-орын: 9 "В" сынып оқушысы Хасанова Ажар,
2-орын: 9 "Б" сынып оқушысы Хабадаш Әйгерім.