Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 11 қараша күні «Креативті ойлай аламыз ба?» тақырыбында вебинар өтті. 👍🙆♂️
💾 Вебинарлардың мақсаты – мұғалімдерге креативті ойлау аспектілері бойынша әдістемелік көмек беру, тапсырмаларды креативті ойлау элементтерін енгізу жолдарын талқылау, оқушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес тактикалар қолдану үшін өзара идеялар алмасу және мұғалімге арналған әдістемелік жинақты толықтыру.
♦️Біздің ойлауымыз бізді қазіргі жағдайға жеткізді. Егер мен жаңадан бір нәрсе ойлап тапқым келсе, мен басқаша ойлауды үйренуім керек. (Альберт Эйнштейн)
☝️Инновациялық (жаңа, жаңашыл, басқаларға ұқсамайтын ерекше, қалыптан тыс, үйреншікті емес және т.б.) және тиімді (пәрменді, нәтижелі, үнемді, оңтайлы және т.б.) шешімдерге қол жеткізуге және/немесе жаңа білімді және/немесе қиялды (әсерлі, шабыттандыратын, ерекше, таңқаларлық және т.б.) тиімді көрсете алуға бағытталған идеяларды әзірлеу, бағалау және жетілдіру процесіне нәтижелі қатысу қабілеті.
📒 Мектептегі кезеңде креативтілікті дамыту…
♦️ Мектептегі кезең баланың дамуындағы аса қарқынды, ең белсенді және алуан түрлі даму кезеңі болып саналады.
♦️ Балаларға сын тұрғысынан ойлау, ұсынылған ақпараттың дәлелділігін талап ету тән: оқушы табанды түрде дәлелдерді талап етеді. Сондай-ақ бұл кезеңде баланың абстрактілі ойлау қабілеті жетіледі.
♦️ Шығармашылық пен креативтілік адамның қалыптасқан үйреншікті орта шеңберінен шығуына ықпал етеді.
🎲 Сабақтың пәндік бағдарлануы
Креативтілік нақты іс-әрекетке қатысу (пәндік салаға тереңдеу үшін жағдай жасау) арқылы көрінеді.
📀 Креативті немесе шығармашылық ойлау жаңа білімді меңгеруге оң ықпал етеді (≠ жаттау, автоматтандыру).
📀 Білім артқан сайын, креативтілік те жоғарылайды.
📀 Мектеп оқушылардың білімі мен тәжірибесін қалыптастыра отырып, әртүрлі пәндік салада креативті ойлау үшін жағдай жасайды.
Өткізген: Мектеп тренері Жаннатова А.К.