Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясының психологы Кадыржанова Ализа Арыстанбековна 5-сынып оқушыларына "Дос тапқың келе ме?" бейнеролигін ұсынады.
👬👭 Дос – сенің жаныңды түсінетін, қиналғанда қол ұшын беріп, қуанышыңды бөлісе алатын, саған дұрыс жол көрсетіп, қашанда қасыңнан табылатын адам.
🤝 Достық – ортақ көзқарасы болатын, үлкен сеніммен ұласатын жақын қарым-қатынас. Достардың арасында көре алмау, пайдакүнемдік, құпия, мейірімсіздік сияқты іс-әрекеттер болмайды. Есесіне жақсы дос табанды, кешірімді, ең бірінші болып көмекке ұмтылып, өз қатесін де мойындай алатын болады. Сол сияқты, шын дос досының сырын шашпай, сақтай алатын да қасиетке ие болуы керек.☝️
📌 Жақсы дос тапқың келе ме? 📌
Достасуға алып келетін түрлі жағдайлар болады. Мәселен, әркімнің тұратын мекен-жайы мен араласатын ортасы дос табуға себеп болып жатады. Ол көршілер немесе бірге оқитын жолдастары да болуы мүмкін. Достық, достықтың айнымас ережелері барлық халықта бірдей.
🤔 Достастықтың тағы бір себебі бар. Ол – қай нәрсеге болмасын, ортақ көзқарастың болуы.
👬 👭 Достықтың ережесі: 👭👬
🔹️Досыңа әрқашан көмектес. Егер қолыңнан жақсы іс келетін болса, досыңа оны әлбетте үйретуге тырыс.
🔹️Досың қиын жағдайға тап болса, тығырықтан шығатын жолды бірге қарастыр. Екеулеп міндеті түрде қиындықты жеңесіңдер.
🔹️Егер досың жаман іс-әрекетке жол беріп жатса, оны тоқтатуға тырыс. Сол сәтте ол саған ренжісе де, уақыт өткенде сенің шын дос екеніңді түсінеді.
🔹️Достарыңмен бөліс: егер сенің жақсы ойыншығың, қызықты кітабың болса, досың да онымен ойнасын, оқысын.
🔹️Жақсы нәрселерді тек өзің ғана емес, достарыңмен бірге қызықта. Ойын кезінде де досыңа сәтті кезеңдерді ұсын.
🔹️Досың сәтті қадамдарға қол жеткізіп жатса, оған көреалмаушылық танытпа. Оның қуанышын бірге бөліс.
🔹️Егер сен қандай да бір жаман қылық танытсаң, ол үшін кешірім сұраудан тартынба. Шын дос түсіне де, кешіре де біледі.
🔹️Досыңның ұсынған көмегін қабыл ал. Тіпті, іс-әрекетіңдегі қателіктерді айтып жатса, оны көмек деп қабылда.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы @bqobilim @batys_kz @uralskakimat @edu_news_qz @oral_bilim @abat_shynybekov @oral_ovp @up_uralsk