ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ұсынған "Құндылыққа негізделген білім беру" бағдарламасы аясында Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында "Отбасы құндылықтары" жобасы жүзеге асырылуда.
🔴 ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың отбасындағы, ұжымдағы және қоғамдағы өз рөлін ұғынуына көмектесе отырып, оқуда және өмірлік жағдайларда әлеуметтік және адамгершілік іс-әрекеттер жасау тұрғысынан тәжірибелі болуын қалыптастыру.
🗓 14-18 қыркүйек аралығында "Отбасы құндылықтарын меңгеру" тақырыбында жобаның екінші кезеңі бастау алды.
📌 МАҚСАТЫ:
•Адам өміріндегі құндылықтардың мәнін және оның қоршаған ортадағы орнын түсінуге бағыттау;
•Адамзаттың рухани тәжірибесіне қатысты тұлғаның жеке қасиетін дамыту;
•Отбасылық құндылықтарын нығайтатын тапсырмалар мен ойындарды орындай отырып, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір біріне деген сүйіпеншіліктерін арттыру;
👪 👪 👪 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!!! 👪 👪 👪
Сіздің өміріңіздің мәні - балаңыз екені бізге мәлім. Балаңыздың жақсы адам болып қалыптасқанын, бойына адами- рухани құндылықтарды меңгеріп, жауапкершілігі мол адам болып қалыптассын десеңіз, балаңызбен ара қатынасыңызды нығайтқыңыз келсе, Сізді «Отбасы құндылықтары» жобасында қатарымызда болуыңызға шақырамыз.
Жауапты: Өзін-өзі тану пәні мұғалімдері, кураторлар, сынып жетекшілер.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы #отбасықұндылықтарыжобасы @bqobilim @batys_kz @uralskakimat @edu_news_qz @oral_bilim @abat_shynybekov @oral_ovp @up_uralsk