44 мектеп-гимназиясында "Таза болса табиғат, аман болар адамзат" тақырыбындағы жаратылыстану пəндерінің апталығы аясында 26 ақпан күні 9-сыныптар арасында "Қазақстанның жеті кереметі" атты интеллектуальдық сайысы өтті.
Сайыстың басты мақсаты: Оқушылардың пəнге деген қызығушылықтарын ояту, географиялық ойлау дағдыларын дамыту, картамен жұмысты жетілдіру, ойын арқылы ынтымақтастық орта қалыптастыру.
Өткізген: география пəнінің мұғалімі Ризуанова К.Е.
Сайыс қорытындысы:
"Алтын адам" командасы, 9"А"-сыныбы - 1-орын;
"Домбыра" командасы, 9"Б"-сыныбы - 2-орын;
"Бəйтерек" командасы, 9"В"-сыныбы - 3-орын.