Қазіргі уақытта облыс аумағында кәмелетке толмаған балаларға қатысты кәріз құбыры, септик, құдықтардың қақпағы (люктер) ашық қалып балалардың абайсызда түсіп кетуі; балалардың ойын алаңындағы құрылыстардың оқыс сынып, зақым алуы;
балалардың терезеден, төбеден құлап зақым алуы;
балалар аттракционын (батут) қолдану кезінде күшті желдің әсерінен батуттардың аударылуы және т.б. сияқты төтенше жағдайлардың орын алу ықтималдылығын төмендету мақсатында, және Төтенше жағдайлар департаментінің ескертпелеріне сәйкес:
- балаларға тыста жүргенде ата-аналардың қадағалауын күшейту;
- ауылдық елді мекендерде тұрғындарға септик, құдықтардың ашық қалмауын ескерту;
-тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қызметтеріне, теңгерімдегі барлық кәріз құбыры құдықтарының қақпақтарын (люктерін) түгендеу жүргізіп, тексеріп шығу;
- ауыл әкімдері, пәтер иелері копперативінің төрағалары мен саябақтағы жауапты тұлғаларға өз учаскілеріндегі балалардың ойын алаңындағы құрылыстардың беріктігін, ағаштардың жағдайын тексеріп, олқылықтарды қалпына келтіруді, шіріген, құлау қаупі бар ағаштарды кесу;
-пәтер иелері копперативінің төрағалары көп қабатты тұрғын үйлердегі пәтер иелеріне балалардың терезеден құлау қаупін ескерту, шатырға шығатын есіктерді құлыптау;
-мектепке дейінгі мекемелердегі және барлық оқу орындарындағы ойын, спорт алаңдарындағы құрылыстардың, терезелердің, шатырға шығу есіктерінің беріктігін және ағаштардың жағдайын тексеруді, олқылықтар анықталған кезде шұғыл шара қабылдау;
-балалар аттракционындарын, саябақтағы ойын-сауық құралдарының техникалық жағдайын тексеріп, қауіпсіздік ережелерін қатаң талап ету.