Д. Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында 2026–2027 оқу жылының басталуына орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиын Мемлекеттік Әнұранмен басталып, мектеп оқушыларының әсем әні мен «Айкөркем» би ансамблінің әсерлі биімен жалғасты. Жиын барысында мектеп директорының құттықтауы, ардагер ұстаздардың ақжолтай тілектері және 1-сынып оқушыларының жүрекжарды өлеңдері орын алды.
Биыл мектебіміздің табалдырығын алғаш рет 270 жас бүлдіршін аттап, білім әлеміне қадам басты. 🔔
Оларға мектеп өміріндегі алғашқы қадамдары сәтті болып, білім жолдары жарқын болсын деп тілейміз!
Жаңа оқу жылы – жаңа белестердің, тың ізденістердің және үлкен жетістіктердің жылы болсын!
Барша ұстаздар мен оқушыларға шығармашылық шабыт, табандылық және толағай жетістіктер тілейміз! 🌟
#БілімКүні #1Қыркүйек
#АдалАзаматЗерделіҰлт
#ЖаңаОқуЖылы














