⚜️ Білім күніне орай Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
📌 Тәрбие сағаттарының басты мақсаты – білім алушылардың Конституцияға, мемлекеттік рәміздерге және заңға деген құрметін арттыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, адалдық пен еңбекқорлықтың маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
🌱 Адал азамат – ел болашағы.
Зерделі ұлт – білімді ұрпақтан басталады.
Жауапты қоғам – ортақ құндылықтарымызды құрметтеуден қалыптасады.
Жаңа оқу жылы әр шәкірт үшін жаңа білімнің, жарқын мақсаттардың және игі бастамалардың бастауы болсын!














