Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы 65 жылдық мерей тойына орай ақпараттық-әдеби керуен ұйымдастырды. Оқушыларға кітапхана тарихы мен тынысы туралы ақпарат берлді, кітапхана қорындағы түрлі кітаптар таныстырылды.
Мақсаты:
-оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және аймақтық әдеби мұраны насихаттау;
Кітапхананың 65 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған бұл «керуен» мектеп қабырғасында нағыз рухани мерекеге айналды. Шара барысында кітапхана мамандары оқушыларға мекеменің бай тарихы мен заманауи мүмкіндіктері туралы ақпараттық шолу жасады. Мектеп пен кітапхана арасындағы шығармашылық байланысты нығайтып, жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятты. Оқушылар дәлізде кітап оқып, үзіліс уақытын тиімді әрі пайдалы өткізді.














