Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында 14 Наурыз – Көрісу күніне орай «Көрісу айт – ынтымақ пен берекенің бастауы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күн – қазақ халқының көне дәстүрлерінің бірі. Көрісу күні жыл сайын 14 наурызда аталып өтіп, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының бастамасы болып саналады.
Бұл күні адамдар бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, «Бір жасыңмен!» деп ізгі тілектерін білдіреді. Үлкенге құрмет көрсетіліп, кішіге ізет білдіріледі.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер ұлттық дәстүріміз туралы мағлұмат алып, тақпақ айтып, ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті. Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйі мерекенің сәнін келтірді.
Көрісу күні – татулық пен бірліктің, сыйластық пен берекенің белгісі. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы оқушылар ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, салт-дәстүрімізді құрметтеуге үйренеді.















