Д. Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясы «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы «Шабыт» жобасы аясында, мектеп парламентінің ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары арасында «RETRO PARTY» байқауы өткізілді.
Жас буын түсіне білмейтін тоқсаныншы жылдар. Сега ойнап, сейіл құрып, дүркіреген дискотекадан қалмайтын ата-аналарымыздың жылымық кезеңі. Алайда оқушыларымыз сол заманның бейнесін жеткізе білді.
Мақсаты:
-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу;
-өткен дәуір мәдениетін, музыкасы мен сән үлгісін насихаттау арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын жетілдіру және ұжымдық жұмысқа баулу;
Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар:
Бас жүлде: 9 «Б» сыныбы - «Дискотека у Бекса» командасы
I орын: 9 «А» сыныбы - Zamanback командасы
II орын: 9 «Е» сыныбы - Vibe 90x командасы
III орын: 9 «В» сыныбы - Движ 90x командасы және 9 «Г» сыныбы - Голливуд жұлдыздары командасы.














