Д. Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы «Шабыт» жобасы аясында, 7-сыныптар арасында дәстүрлі әрі ауқымды шара «Әзілі жарасқан әлем» атты КТА ойыны өткізілді.
Мақсаты:
-оқушылар бойында тапқырлық, шапшаң ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-топтық жұмысқа баулу, сахна мәдениетін бойларына сіңіру;
Ойын екі кезеңмен өткізілді: бірінші кезеңде әр сынып мектеп парламенті мүшелерінің бақылауымен дайындаған әзілдерін саханада ойнап шықты. Екінші кезеңде кез-келген әріпке тапқырлық танытып сахнада әзіл құрастырып, алып шығу тапсырмасы берілді.
Ойын қорытындысы бойынша:
ГРАН ПРИ 7 «Д» сыныбы
I орын 7 «Ә» сыныбы
II орын 7 «В» сыныбы
III орын 7 «А» сыныбы
Алғыс хатпен 7 «Б», 7 «Г», 7 «Ғ», 7 «Е» сыныптары марапатталды.














