Д. Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы «Шабыт» жобасы аясында мектеп парламентінің ұйымдастыруымен мықтылардың теңесетін шығармашылық додасы «PARODIA KESHI» дәстүрлі түрде оздырылды.
Мақсаты:
-оқушыларды сахна мәдениетіне бейімдеу;
-шығармашылық қабілеттерін шыңдау;
Әділ-қазылар алқасында мектебіміздің ұстаздары Шайдулова Бибигуль Алексейқызы мен Шакирова Асель Бисембаевна және мектеп президенті Акрамова Алия Галымовна болды. Уақыт саны шектелмегендіктен, әр сынып қалаған бағдарлама, сериал, кино немесе мультфильмге пародия жасап, актерлік шеберліктерімен көзге түсті.
Сайыс қорытындысы бойынща:
Бас жүлде – 8 «Ә» сыныбы
I орын – 8 «Ғ» сыныбы
II орын – 8 «А» және 8 «Г» сыныптары
III орын – 8 «Д» және 8 «Е» сыныптары
Үздік пародист номинациясымен Аманжол Кәусар марапатталды.















