Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 1 мамыр күні 5-9 сынып оқушылары арасында «Ләңгі тебуде бір өнер» атты мектепішілік бейне сайысы өтеді.
Жарыс мақсаты:
• Дене шынықтыру мен спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттау;
• Ләңгі тебу ойынын халық арасында кеңінен тарату;
• Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану.
Жарыс шарты:
• Ереже талаптарын орындай отырып, әр қатысушы отбасылық команда атын қойып, әке мен бала кезекпен-кезек теуіп, өздері санай отырып, бейнероликке түсіру қажет.
• Әр қатысушы, 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай жергілікті ақын-жазушылардың бір шумақ өлең жолын оқып, ләңгі тебу арқылы 2 минуттан аспайтын бейнеролик түсіреді.
• Ләңгі тек қана 1-лік, 10-дық және 100-дік өлшемдермен тебілуі қажет.
Барлық қатысушылар жүлделі орындармен және алғыс хаттармен марапатталады. Байқау жеңімпазы қалалық байқауға жолданады.
Жауапты: тәлімгер Шиганбаев Е.У.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы #бізбіргеміз #бізүйдеміз @edu_news_qz @bqobilim @up_uralsk @uralskakimat @abat_shynybekov #batyskz