КГУ "Школа-гимназия
№44
имени Динмухамеда Кунаева"

    

Меню

“Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік” атты тағылымды тәрбиелік шара

11 желтоқсан күні Д. Қонаев атындағы 44-мектеп-гимназиясында 2-сынып оқушылары арасында “Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік” атты тағылымды тәрбиелік шара жоғары деңгейде өтті. Шараның мақсаты:
2-сынып оқушыларына Тәуелсіздіктің тарихи маңызын терең түсіндіру, елін сүюге, ұлттық рух пен отаншылдық сезімге тәрбиелеу; жас ұрпақтың бойына мақтаныш, бірлік, жауапкершілік қасиеттерін дарытып, олардың өнері мен шығармашылығын дамыту. Салтанатты Әнұранмен басталған шара жас жүректерге қуат сыйлап, бойларына жігер дарытты.
Шара барысында оқушылар тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындырар жырларын оқып, тарихи шежірелерден сыр шерткен әсерлі қойылым көрсетті. Әнмен өрнектеліп, бимен әрленген өнерлі сәттер балалардың талантын айқын танытты. Әрбір баланың көзіндегі үміт нұры, бойындағы асқақ рух – еліміздің жарқын болашағына деген сенімді күшейткендей болды.
“Атамекен” әнін хор болып орындаған ұлдардың жігерлі үні залды толтыра жаңғырып, ұрпақты рухты, намысты ұл болуға тәрбиелейтіндей әсер қалдырды. Ал қыздар мен ұлдар билеген әсем билер — шараның сәнін келтіріп, мерекелік көңіл-күйді одан сайын асқақтатты.
Шараның шоқтығын көтерген ерекше сәт — “Көк тудың желбірегені” әнінің шырқалуы болды. Бұл кезде зал толы көрерменнің бірге қосылып айтуы мен еріксіз шапалаққа ұласқан қошеметі Тәуелсіздікке деген шынайы құрметтің айқын көрінісіндей болды. Елдік рух пен мақтанышқа толы бұл әуен бүкіл шараның мазмұнын тереңдетіп, мерекенің мәнін аша түсті.
Мерекелік жиын соңында оқушылардың жүрегінде Тәуелсіздік туралы терең ой, елге деген сүйіспеншілік, ұлттық рух пен мақтаныш сезімі қалыптасты. Белсенділік пен шынайы сезімге толы бұл күн балалар үшін де, көрермендер үшін де ерекше, есте қаларлық рухани мереке болып аяқталды.

Государственные символы

Блог директора

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Рады приветствовать вас
в моем блоге!

Перейти в блог

Администрация

Акдаулетова Кымбат Хабибулловна

12-03-2019 Hits:177944 Администрация Super User

Акдаулетова Кымбат Хабибулловна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:183020 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
Директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Нургазиев Артур Нурболатович

12-03-2019 Hits:94625 Администрация editors

Нургазиев Артур Нурболатович 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Мамыр Абай Рахматуллаевич

15-03-2021 Hits:164617 Администрация editors

Мамыр Абай Рахматуллаевич
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Апакаева Венера Турегелдиевна

02-10-2022 Hits:92967 Администрация editors

Апакаева Венера Турегелдиевна
Директордың ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары

Read more

Баян Айболат Ерболатұлы

27-09-2023 Hits:186443 Администрация Super User

Баян Айболат Ерболатұлы
мектеп психологы

Read more

Сәрсенова Г.С.

29-09-2023 Hits:94608 Администрация editors

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы
мектеп психологы

Read more

Токсанова Гулмира Мурзатаевна

02-10-2023 Hits:93014 Администрация editors

Токсанова Гулмира Мурзатаевна
педагог- психолог

Read more

Койшиева Молдир Дулатовна

24-04-2026 Hits:5375 Администрация editors

Койшиева Молдир Дулатовна

Директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

Read more

Школьная форма

Разработчик Torus.kz