Д.А.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының бастауыш бірлестігінің ұйымдастыруымен 4-сыныптар арасында «ТӘУЕЛСІЗДІК— ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» тақырыбында патриоттық тәрбиелік шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: -Тәуелсіздікті ұлықтау;
-Оқушылардың бойына патриоттық сезім ұялату;
-Отансүйгіштікке тәрбиелеу;
-Тәуелсіздіктің құндылығын арттыру.
Шараға 176 бала қамтылды. Шара барысында толық сынып қамтылған патриоттық әндер нақышына келтіре орындалды. Ұлдар құрамында,
және жалпы сыныптық құрамда патриоттық билер биленді. 26 оқушыдан құрылған топ «Тәуелсідік» өлеңін нақышына келтіріп оқыды. Шәкірттердің бойына ұялаған сезімдері айрықша көрініп, жігерлене шабыт алғандары байқалды.
Патриоттық тәрбиелік шара жоғары деңгейде өткізілді.














