Д. Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында парламент жоспарына сәйкес 6 сынып оқушылары арасында «Тарихтың шешілмеген жұмбақтары» атты QUIZIZZ – КВЕСТ ойыны өткізілді. Әр сыныптан оқушылар шығып, топқа бөліну арқылы бір-бірімен жарысты.
Мақсаты: оқушыларды топтық жұмысқа баулу. Тәуелсіздік мерекесіне орай білімдерін жаңғырту. Ойлау, талдау және жылдам шешім қабылдау дағдыларын дамыту.
Ойын қорытындысы бойынша «Тұлпар» тобы бас жүлде жеңіп алды.














