Мақсаты: мектептегі оқушылардың өнерін паш ету, шығармашылығын шыңдау. 5 – сынып оқушыларын жоғары буынға бейімдеу және сахнадағы еркіндікке үйрету.
Шара барысында оқушылар толық қамтылып, әр сыныптан бірнеше қатысушылар шықты. Сайыс әр бөлім бойынша бас жүлде, I, II, III орындар және номинациялар беру арқылы қорытындыланды.
Барша қатысушыларға алғыс білдіре отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту жолында сәттілік тілейміз.














