Д. Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында «Отбасы – бақыт ұясы» тақырыбында 9-сынып оқушылары мен ата-аналары аясында волейболдан жарыс өтті.
Жарыстың мақсаты: ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыретін дамыту. Ата-аналар мен оқушылар арасында ынтымақтастық орнату.
Дода қорытындысы бойынша 9 Г сыныбы жүлделі 1 орын, 9 А сыныбы 2 орын және 9 Д сыныбы 3 орынға ие болды.














