КГУ "Школа-гимназия
№44
имени Динмухамеда Кунаева"

    

Меню

«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің қалалық фестиваль-байқауы

2020 жылғы 22 ақпан күні Орал қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің мектептен тыс жұмыс орталығы өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және дамыту, өзін-өзі таныту қабілеттерін қалыптастыру және дамыту мақсатында «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің қалалық фестиваль-байқауын ұйымдастырды.

Фестиваль-байқауға №12 ЖОББМ Ә.Кекілбаевтың «Көкбөрі» қойылымын, №34 А.Тайманов атындағы МГ А.Кончаловский, М.Бегалиннің «Песнь о Маншук» қойылымын, №35 МЛ «Бременские музыканты» ертегісін, Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясы Сәбит Досановтың «Тозақ шеңбері» қойылымын (Жетекшісі - Макашева Эльмира Жумажановна), №47 ЖОББМ Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» қойылымын, МТЖО «Не совместимы дети и война» әдеби-театрландырылған қойылымын қойып, өз бақтарын сынады.
Байқау қатысушыларының әртістік өнеріне тәнті болған көрермендер сахнадағы трагедия кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне қосыла жылап, әзіл-оспаққа толы комедиялық қойылымдарда рахаттана күліп жатты.
Х.Бөкеева атындағы және А.Н.Островский атындағы облыстық драма театрларынан келіп әділқазылар алқасы құрамында жас әртістер өнеріне қазылық еткен Түменов Салауат, Свинцова Галина сияқты актерлер де көркем шындықты шынайылықпен жеткізуге тырысып жатқан өнерпаздардың өнеріне таң-тамаша болғандарын айтып, ризашылықтарын жеткізді.
Байқау қорытындысы бойынша Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясы ЖҮЛДЕЛІ 2-ОРЫНҒА ие болып, ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУҒА жолдама алды. Сонымен қатар, 10-сынып оқушысы, оқушылар президенті Махсот Еламан "Ең үздік ер адам рөлі" номинациясы бойынша арнайы дипломмен марапатталды. Жетекшілік еткен Эльмира Жұмажанқызына және оқушыларға АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ! Облыстық байқауға СӘТТІЛІК!!!
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы @batys_kz @uralskakimat @abat_shynybekov @bqobilim @oral_ovp

Государственные символы

Блог директора

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Рады приветствовать вас
в моем блоге!

Перейти в блог

Администрация

Акдаулетова Кымбат Хабибулловна

12-03-2019 Hits:180826 Администрация Super User

Акдаулетова Кымбат Хабибулловна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:186014 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
Директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Нургазиев Артур Нурболатович

12-03-2019 Hits:97876 Администрация editors

Нургазиев Артур Нурболатович 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Мамыр Абай Рахматуллаевич

15-03-2021 Hits:167328 Администрация editors

Мамыр Абай Рахматуллаевич
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Апакаева Венера Турегелдиевна

02-10-2022 Hits:96121 Администрация editors

Апакаева Венера Турегелдиевна
Директордың ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары

Read more

Баян Айболат Ерболатұлы

27-09-2023 Hits:189462 Администрация Super User

Баян Айболат Ерболатұлы
мектеп психологы

Read more

Сәрсенова Г.С.

29-09-2023 Hits:97905 Администрация editors

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы
мектеп психологы

Read more

Токсанова Гулмира Мурзатаевна

02-10-2023 Hits:96161 Администрация editors

Токсанова Гулмира Мурзатаевна
педагог- психолог

Read more

Койшиева Молдир Дулатовна

24-04-2026 Hits:8653 Администрация editors

Койшиева Молдир Дулатовна

Директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

Read more

Школьная форма

Разработчик Torus.kz