Еліміз бауыры бүтін, мызғымас мемлекетке айналып, жүз жылға татитын жиырма тоғыз жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп өтіп, бекемдей түскен бірлігімізбен елдікті еселеп, биік белестер мен алынбас асуларды бағындыра білді. 29 жыл ішінде Қазақстанды 120 - дан астам ел танып, 130 - дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында еркін де ерікті, тату - тәтті өмір сүруде! Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының маңайына топтасып, өзінің салт-дәстүрі мен мәдениеттерін дамытуда. 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының алатын орны ерекше.
Осы орайда Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 12 ақпан күні тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 7-сынып оқушылармен біріккен «Ассамблея - татулық пен тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында кездесу кеші өтті.
Кездесу кешінің мақсаты: Қазақстанда тату-тәтті өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрпын, дәстүр-тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау; еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.
Кездесу кеші барысында оқушылар ұйғыр және әзірбайжан халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрін, өнерін ұсынып, тағамдарын таныстырды.
Кеш қонақтары "БІРЛІК" әзірбайжан этно-мәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Джаналиев Элгун Ахмадоглы және "ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ" КММ аға кеңесші Амандықова Әсемгүл Сайлауқызы оқушыларға Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастырушы институт ретінде қалай қалыптасқанын, Ассамблеяның Қазақстан азаматтарын отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту ісіне қандай үлес қосқаны жайында және т.б. көптеген мағлұматтар беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Жауапты: ДТІЖО Темирбаева Қ.Х.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы @batys_kz @uralskakimat @abat_shynybekov @bqobilim @oral_ovp