Әрбір адамның жүрек түкпірінде бір сиқырлы сандық бар секілді. Бұл ғажайып сырға толы сандықта неше түрлі армандар, мақсаттар бар... Кейде жарық жұлдыздай алға шоқ етіп шығатын бір нәрсе болады. Бұл не деп ойлайсыздар?
Бұл тамаша нәрсенің аты - өнер. Өнер – әр адамның бойындағы белгілі бір құдірет күші секілді. Кейде өмірден түңілген кездерде немесе көңіл-күй түсіңкі болған жағдайларда өзіңнің бір бойыңдағы талантыңды шығарсаң, сол басыңнан өткен көптеген ауыр кезеңдерді титтей болса да ұмытуға мүмкіндік береді. Ал оның өзі қандай керемет дүние. Адамның бойындағы дарын, талант деген осы ғой, шіркін.... Өнерлі адам - өрге жүзеді, - демекші, өнердің құдіреттері арқылы әрқашанда биік шыңдарды бағындыратынымызға еш күмән жоқ екенін ұмытпаңыздар!
Осы орайда 44 мектеп-гимназиясында 30 қаңтар күні 9-сынып оқушыларына арналған технология бірлестігінің ұйымдастыруымен өнерді жанына серік қылып жүрген жандарды оқушыларға таныстыра отырып, өмір жолдары туралы әңгімелесу мақсатында "Өнерге құштар жандар" атты кеш өткізілген болатын.
Кеш қонақтары:
• Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының әртістері - Матаев Теміржан Хайратұлы және Вахитова Айнұр Айсағалиқызы;
• Жайық өңіріне танымал әнші, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, Подстепное мәдениет үйінің директоры - Қуанышқалиева Айнұр Бейбітқызы;
• Суретші-график - Гумаров Дәурен Қадыржанұлы.
Кеш қонақтары шара барысында өнер жолына қалай қадам басқандары мен бастан кешкен қызықты оқиғалары жөнінде баяндап, өнерлерін ортаға салған болатын. Бұл кеш мұғалімдер мен оқушылар үшін бір әдемі кеш ретінде есте мәңгілік қалары сөзсіз. Себебі, кеш қонақтарының әртістік орындаушылықтары мен жүректі тербетер әсем әуендері, көркем кескінделген ерекше туындылары өмірдің әдемілігін ұғындырып, өнерге жақын оқушылардың көз жанарларын сиқырға толтыра білді.
Ұйымдастырушылар: Мырзашева Э.Н., Курманбаева Б.У.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы @batys_kz @uralskakimat @abat_shynybekov @bqobilim @oral_ovp