44 мектеп-гимназиясында 28 қаңтар күні тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 5-7-сынып оқушылары арасында "Ата-анамның жұмыс орнына саяхат" атты әлеуметтік жоба байқауы оздырылды.
Әлеуметтік жоба мақсаты: Ата-ананың жұмыс орнына саяхат жасау арқылы болашақта мамандық таңдауына бағдар жасау; Ата-аналарын құрметтеп, еңбектерін бағалап, жауапкершілік пен тәртіп нормаларын білуге дағдыландыру.
Әлеуметтік жобаларды қорғау барысында оқушылар ата-аналарының жұмыс орындарына барып, арнайы түсірілген бейнероликтері мен слайдтарын критерийлерге сай жасақтап, қорғады және ата-аналарының қызмет етіп жүрген мамандықтарын үлгі тұтып, болашақта сол мамандық бойынша еңбек ететіндіктерін айтып қорытындылады. Байқау соңында оқушылар мадақтамалармен марапатталды.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы @batys_kz @uralskakimat @abat_shynybekov @bqobilim @oral_ovp