44 мектеп-гимназиясында "Сынып жетекшілер мен кураторлардың қиын балалармен жүргізілетін жұмыстарының жүйесі" тақырыбында сынып жетекшілер мен кураторларға арналған семинар өтті.
Семинар мақсаты: Сынып жетекшілер мен кураторлардың қиын оқушыларды алдын-алу бағытында жүргізілетін жұмыс түрлерін анықтау, жағдаяттардан шығу жолдарын түсіндіру.
Мектепте оқушыларға біліммен қатар тәрбие берілетіні барлығымызға мәлім. Білімді пән мұғалімдері беретін болса, тәрбиені сынып жетекшілер және кураторлар жүргізеді. Әр баланың өзіне тән ерекше мінездері де болады, сол оқушылардың әрқайысысының мінезіне қарай жол тауып сөйлесу мұғалім шеберлігіне де байланысты болады. Мұндай жұмыстануды талап ететін балаларды педагогика-психология саласы «Қиын балаларға» жатқызады.
Семинар барысында "Қиын балалармен қалай жұмыстану керек және қалай шешімін табуға болады" деген сұрақтарды қарастыру негізінде кураторлар мен сынып жетекшілерге әлеуметтік педагог - Ботагөз Талғатқызы «Сағат тілімен амандасу» тренингін ұйымдастырса, психолог - Альфия Арманқызы түрлі-түсті тамшылар арқылы кураторлар мен сынып жетекшілерді 4 топқа бөліп, таңдалған түстерге байланысты әр топқа анықтама берді. Кейін ДТІЖО - Эльмира Набиоллақызы тақырып аясында әр топқа сұрақ беріп, постер қорғатты, сонымен қатар кинодан үзінді көрсету негізінде жағдаяттар беріліп, қарастырылды.
Семинар соңында психолог Альфия Арманқызы қиын оқушыларға мінездеме беріп, мәселелер туындаған
жағдайда оны шешу жолдарымен бөлісті.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы @batys_kz @uralskakimat @abat_shynybekov @bqobilim @oral_ovp