?1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне және оқу жылының аяқталуына орай Дінмұхамед Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында “Болашаққа бірге” салтанатты жиыны өтті.
?Өмір деген үлкен жолда
Ақ жол тілеп, бақ тілеп
Өмірде өшпейтін іс - балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол - болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына, құйған білім нәрі мәңгілік деп алғашқы сөз мектеп директоры Тлекенова Бибігүл Сәуірқызына берілді. Мектеп директоры мектеп ұжымын, ата-аналарды, жас түлектерді оқу жылының аяқталуымен және балаларды қорғау күнімен құттықтап, алдағы ұлттық бірыңғай тестілеуге сәттілік тіледі.
?Салтанатты жиынға айтулы мерекемен құттықтай келген Орал облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов Хаберұлы жаңа білім беру жүйесіне тоқталып, мектеп бітіруші 78 жас түлекке сәтті сапар тілеген болатын.
?Салтанатты жиын барысында мектеп бітіруші жас түлек, республикалық жас ақындар мүшайрасының жүлдегері Елхан Өмірхан алтын ұя мектебінің ұстаздарына алғысын білдіріп, өз туындысынан өлең шумақтарын арнады.
?Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында жас түлектер “Айкөркем” би ансамблімен бірге арнайы композициялық билерін ұсынып, жұртшылықты тамсандырды. Кейін білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына гүл шоқтарын табыстап, алғыстарын білдірді.
?Салтанатты жиын соңында ардақты ұстазымыз Қобылан Балтаұлының сөзіне жазылған гимназия гимні орындалды.
? Құрметті, жас түлек! Ендігі сәтте өз өмір кемеңіздің желкенін еш уақытта түсірмеу үшін, сіздің бойыңыздан білім, мен білік, батылдық табылатынына сенгіміз келеді. Сіз ата-бабамыз армандаған мәңгілік болашақтың бүгінгі жас құрылысшы екеніңізді еш уақытта естен шығармаңыз. Қанаттарыңыз талмай, қалықтай беріңіздер!
?Сәт сапар, сіздерге, Жас түлектер!✊✊✊✊














