44 мектеп-гимназиясында оқушыларды ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік тұлға қалыптастыруда нәтижелі жұмысты ұйымдастыру мақсатында "STEM - ғылыми-техникалық білімнің негізі" тақырыбындағы математика, физика және информатика пәндері апталығының аясында 6 желтоқсан күні 6-сыныптар арасында "Зерде" интеллектуалдық сайысы өтті.
Мақсаты: Оқушылардың ауызша есептеу қабілетін ойын арқылы жетілдіре отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау, ұйымдастыру, оперативтік ойлау қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, байқампаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сайыс кезеңдері:
1. "Таныстыру" (әр шаңырақтың таныстыруы),
2. "Дода" (әзіл есептер шығару),
3. "Бәйге" (1 минут ішінде 6 сұраққа жауап беру),
4. "Хоккей" (амалдарды орындау),
5. "Викторина" (тапсырмалардың шешімін табу).
Сайыс барысында әр шаңырақтың оқушылары әр кезеңнің тапсырмаларын аса қызығушылықпен орындап, бар білімдерін ортаға салып, белсенділікпен, ұйымшылдықпен қатыса білді. Әділ-қазылардың шешімімен сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлде "Шексіздік" шаңырағы, 1-орын "Ханшатыр" шаңырағы, 2-орын "Ханорда" шаңырағы, 3-орын "Сұңқар" шаңырағы иеленді.
Жарайсыңдар, тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары!
Ұйымдастырушылар: Рашева А.Қ., Азаматова Р.А., Нурекешова А.С.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы #математикафизикаинформатикаапталығы #зердеинтеллектуалдықсайысы