КГУ "Школа-гимназия
№44
имени Динмухамеда Кунаева"

    

Меню

"Қазақ әдебиетінің ақсұңқары – Сәкен Сейфуллин" тақырыбында оқырмандар конференциясы

44 мектеп-гимназиясында 28 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының аясында 11-сынып оқушылары арасында Қазақстанның қоғамдық тарихында, әдебиетінде абыройлы орын алатын, революционер - коммунист, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен ақынға арналған  "Қазақ әдебиетінің ақсұңқары – Сәкен Сейфуллин" тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті.
Оқырмандар конференциясының басты  мақсаты: Қазақ әдебиетінің алыбы Сәкен Сейфуллин шығармалары арқылы ұрпақ санасына ізгілік сезім дарыту, ой-өрісін, таным-түйсігін, көркем шығарма құндылығын көпшілікке насихаттау;

Тарихта қалған тарландар өмірі біз үшін үлгі. Қазақтың қазыналы тілінің бір пұшпағын илеген талай ақын-жазушыларымыз сөз маржанының қандай болатынын қарға тамырлы қазаққа дәлелдеп айтып кетті. Өмір атты теңізде қолдарына қалам алып дүние сырына тоймай тамсана жазған талай дана адамдар болды. Өмірге жұлдыз болып келетін, халықтың еркесі, халық жүгін көтеретін дара адамдар, дарынды жандар аз - ақ. Бірақ қазақ әдебиеті поэзия әлемінде әлемдік деңгеймен салыстырғанда XX ғасырда кенже қалған емес. Керісінше өзінше жаңа қырымен дами бастады. Әр адамның өз келбеті, өз жан - дүниесі болады.
Егер ақынға сезім мен сұлулықты, қосып берген жағдайда одан нағыз шедевр дүниелерді күтуге болады. Қазақтың маңдайына біткен Сәкен Сейфуллин дәл сондай сері адам болатын. Қазақ халқы келбетті ер адамдарды көргенде сері деген. Дәл сол сері Сәкен ақынның сұлу жанынан өріліп, талай дүниелер дүниеге келген болатын.

Оқырмандар конференциясы барысында "Қазақ әдебиетінің ақсұңқары" бөлімінде баяндама оқылып, "Сыр сандықты ашып қара..." бөлімінде Сәкен Сейфуллиннің лирикасы әңгімеленіп, "Сым пернені басып қара..." бөлімінде оқырмандар пікірі тыңдалды және мәнелеп оқу бойынша көптеген сайыс жүлдегерлері - 11 «В» сынып оқушылары Ақнажимов Беркін мен Сәлімжан Аңсағанымның өлеңдері тыңдалып, оқырмандардың құлақ құрышы қанды.
Өткізген: Шахина Л.Ғ., Сүйншева Н.Ә.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы #СәкенСейфуллиншығармалары #СәкенСейфуллинлирикасыөлеңдері

Государственные символы

Блог директора

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Рады приветствовать вас
в моем блоге!

Перейти в блог

Администрация

Акдаулетова Кымбат Хабибулловна

12-03-2019 Hits:178138 Администрация Super User

Акдаулетова Кымбат Хабибулловна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:183219 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
Директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Нургазиев Артур Нурболатович

12-03-2019 Hits:94823 Администрация editors

Нургазиев Артур Нурболатович 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Мамыр Абай Рахматуллаевич

15-03-2021 Hits:164808 Администрация editors

Мамыр Абай Рахматуллаевич
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Апакаева Венера Турегелдиевна

02-10-2022 Hits:93160 Администрация editors

Апакаева Венера Турегелдиевна
Директордың ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары

Read more

Баян Айболат Ерболатұлы

27-09-2023 Hits:186639 Администрация Super User

Баян Айболат Ерболатұлы
мектеп психологы

Read more

Сәрсенова Г.С.

29-09-2023 Hits:94805 Администрация editors

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы
мектеп психологы

Read more

Токсанова Гулмира Мурзатаевна

02-10-2023 Hits:93206 Администрация editors

Токсанова Гулмира Мурзатаевна
педагог- психолог

Read more

Койшиева Молдир Дулатовна

24-04-2026 Hits:5558 Администрация editors

Койшиева Молдир Дулатовна

Директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

Read more

Школьная форма

Разработчик Torus.kz