КГУ "Школа-гимназия
№44
имени Динмухамеда Кунаева"

    

Меню

"Бейімбет Майлин шығармаларындағы ашаршылықтың ащы шындығы"

44 мектеп-гимназиясында 26 қараша күні қазақ руханиятының үш бәйтерегі атанған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің әдеби мұрасын рухани жаңғыру контекстінде әрі филологиядағы соңғы парадигмалар тұрғысынан қарастыру және көпшілікке насихаттау, сонымен қатар Б.Майлин шығармаларындағы ашаршылықтың ащы шындығын талқылай отырып, оқушылардың тарихты қадір тұтып, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту мақсатында 10-сынып оқушылары арасында "Бейімбет Майлин шығармаларындағы ашаршылықтың ащы шындығы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында әр топ берілген шығарманың негізгі тақырыбын, идеясын, кейіпкерлердің тағдыры мен қиындықтары туралы баяндайды.
10 "А" сыныбы - "Күлпаш"әңгімесі,
10 "Б" сыныбы - "Аштық құрбаны",
10 "В" сыныбы - "Әже" әңгімесі.
1921-1922 және 1931-1933-нші жылдар. Қазақтың, тіпті адамзат тарихында бұрын-соңды естіп, білмеген қасіретке толы, қайғылы, зұлмат жылдар. Қанды қол қызылдардың қасақана қолдан жасаған ашаршылығынан кейбір дерек бойынша 4 млн. 100 мың! қазақ баласы қырылып қалған. Қатарда жоқ миллиондар. Үзілген үміттер. Орындалмаған армандар. Қара жолдың бойында, қыстақтардағы үйлерде, ой мен қырда, тау-тастың қуысында, қала көшелерінде қазақ қынадай қырылып жатты. Есесіне қазақтың малы мен астығы ішкі Ресей мен елдегі қандыкөл армия мен партияны тамақтандырды.
XX ғасыр басындағы барша ауыртпалықтар мен асыра сілтеушіліктер түп-түгелімен Бейімбет шығармаларынан ойып орын ала білген. Оны көру үшін, әрине, жіті көз керек. Зерек ақыл керек. Байқампаз ынта қажет. Солай бола тұрса да, Бейімбет Майлиннің осы күнге дейін байқалмай келе жатқан бір құпиясы - заманмен үндестігі hәм кезеңнің куәгері екендігі ашыла түссе деген ниет.
XX ғасырдың бас кезіндегі ел өмірінің ақ-қарасын ажыратып, қатпарлы құпиясын молынан аша түскіміз келсе, ең алдымен Бейімбет Майлинді оқиық. Тереңдеп, түсініп оқиық.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы #БейімбетМайлиншығармалары

Государственные символы

Блог директора

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Рады приветствовать вас
в моем блоге!

Перейти в блог

Администрация

Акдаулетова Кымбат Хабибулловна

12-03-2019 Hits:178136 Администрация Super User

Акдаулетова Кымбат Хабибулловна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:183218 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
Директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Нургазиев Артур Нурболатович

12-03-2019 Hits:94815 Администрация editors

Нургазиев Артур Нурболатович 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Мамыр Абай Рахматуллаевич

15-03-2021 Hits:164804 Администрация editors

Мамыр Абай Рахматуллаевич
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Апакаева Венера Турегелдиевна

02-10-2022 Hits:93158 Администрация editors

Апакаева Венера Турегелдиевна
Директордың ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары

Read more

Баян Айболат Ерболатұлы

27-09-2023 Hits:186638 Администрация Super User

Баян Айболат Ерболатұлы
мектеп психологы

Read more

Сәрсенова Г.С.

29-09-2023 Hits:94805 Администрация editors

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы
мектеп психологы

Read more

Токсанова Гулмира Мурзатаевна

02-10-2023 Hits:93196 Администрация editors

Токсанова Гулмира Мурзатаевна
педагог- психолог

Read more

Койшиева Молдир Дулатовна

24-04-2026 Hits:5556 Администрация editors

Койшиева Молдир Дулатовна

Директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

Read more

Школьная форма

Разработчик Torus.kz