🔰Дінмұхамед Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында 2022 жылдың 6 қаңтар күні «Рефлексия-кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші» атты мұғалімдер семинары өтті.
Мақсаты: Мұғалімдерді рефлексиялық ойлауға ынталандыру; Рефлексивті практиканы дамыту.
✍️Семинар төңкерілген сынып түрінде өтті. Мұғалімдер "РЕФЛЕКСИЯ және ЭВАЛЮАЦИЯ" тақырыбын өз бетінше оқып, семинар барысында тапсырмаларды орындап, төмендегі сұрақтарды талқылады.
Оқыту барысында талқыланған сұрақтар:
✔️Дамушы мектепті рефлексивті басқару дегеніміз не?
✔️Мектептегі рефлексивті басқару мен дәстүрлі басқарудың айырмашылығы неде?
✔️Сыни дос деген кім?
✔️Рефлексия адамның жеке өсуінде қандай рөл атқарады?
✔️Рефлексияны қалай дамытуға болады?
Осы сұрақтарды талқылай отырып,мұғалімдер өз ойларын ортаға салды.
▪️Екінші бөлімде мектеп директоры Тлекенова Бибигүл Сәуірқызы мұғалімдерді «Бақыттың бес белгісі – Икигаймен» таныстырды.
Бұл үйлесімді жағдай, онда адам төрт негізгі фактордың ешқайсысында бос сезінбейді: жұмыстан ләззат алу, кәсібилікті мойындау, адамдарға көмектесу және қаржылық тәуелсіздік.
Қорытындылар: әр мұғалімге кәсіби дағдыларды дамыту үшін рефлексивті күнделік жасау ұсынылды.
Кері байланыс алу мақсатында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша семинарға қатысушылар алынған ақпараттың өзектілігін, пайдалылығын және жаңалығын атап өтті. Сондай-ақ, осы семинардан қанағаттанудың жоғары деңгейі атап өтілді. Бұл семинар мұғалімдердің әдістемелік белсенділігінің жоғары деңгейін көрсетті.
Семинар соңында мұғалімдер семинарды ұйымдастырушыларға, тренерлерге алғыстарын білдіріп, талқыланған мәселелердің өзектілігі айқын екенін айтты.
Орал Қаласының Білім Бөлімі